Басқа жұмыс қалмады ма істейтін? Сендерге де жазатын басқа жаңалық жоқ па? Бұл өмір не болып барады? осыны да жаңалық деп оқимыз ба? Айтарға сөз жоқ.Ұлы Абайдың өлең шумақтары есіме түсіп отыр, жазар едім, бірақ оның мағынасын түсінетін адам некен саяқ.
Композитор Ескендір Хасанғалиевтің Алматының алмасы деген әнді Алма-Атаның алмасы деп айтамыз ба? Орыстар Алма-Ата, қазақ сорлы соры ашылмаған АЛМАТЫ дейтін. Орыстар Москва десе қазақтар Мәскеу дейді. Түрлері қазақ болғанымен бір ауыз қазақша сөйлей алмайтындар ұсыныс айтты екен деп Алматының атауын ауыстыруға болмайды. Кейбіреулер менің туған қалам деп Алматыны жекешелендіріп алыпты. Алматы бүкіл ҚАЗАҚТАРдың қаласы екенін естен шығармаңдар!
QAZAQ, дұрыс айтасың, Қазақстанның 4 аймағы бар-оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс. Оңтүстік Қазақстан деген атауы құлаққа жағымды естілуші еді. Орталығы Түркістан, облысы Оңтүстік Қазақстан болып өзгертуін сұраймыз. Халықтан сұрау деген жоқ бәрін өздері шешеді. Жер атауын өзгертуден басқа жұмыс жоқ па? Басымызды қатырмаңдар,ат ауыстырудан да маңызды шаруалар бар.