Қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың тағдырына алаңдап, төнген қара бұлттың сейілуіне себепкер болған барша қазақстандықтарға, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық ұйымдарға алғыс білдіремін! Төл етім бауырым деп ұрандатқан ел-жұртыма алғыс айтам! Қазақстанда әділдік бар, болған, және бола бермек! Осы әділ шешімді шығарған, елім деп еміренген азаматтарға бас иііп алғыс айтам. Панфилов аудандық сотының төрағасы Абдраимов Азамат Карибжанұлы және Панфилов аудандық сотының судьясы Құйқабаева Динара Бикеновна нағыз азаматтық көрсетті.Сотталушының "қылмысы онша ауыр емес" деп бағалаған судья Динара Құйқабаева шешім қабылдағанда БҰҰ-ның балалар құқығы конвенциясын негізге алып, Сауытбайды екі баласынан, отбасынан ажыратпау үшін осындай ұйғарымға келгенін айтты. Халқымызда «жақсы десе, жан сүйсінеді» деген қанатты сөз бар. Өзінің кәсіби біліктілігі арқылы көптің құрметіне бөленіп жүрген Абдраимов Азамат Карибжанұлына толағай табыс, жұмысына сәттілік тілеймін!