Алмас Төрегелді ұлы көп жылдан бері ерекше балалар мәселесін үлкен үлкен мінберлерде көтеріп келеді. “ХХІ эпидемиясы” деп саналатын бұл дерт Қазақстанда да күн санап көбейіп келеді. Елде бұл дерт тұқымынан, тегінен деген түсінік қалыптасқан, сондықтан көп қазақ ондай балаларын тығып ұстайды, ұялады, арланады. Баласымен түсінісе алмай жүрген, қоғамнан оқшаулап, өмірге ыңғайлай алмай жүрген ата-аналар әлі бар. Осы мәселеде біз Алмас Төрегелдіұлының қоғамдық белсенділігіне шынайы разы болдық. Аутизм туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруда ол кісінің рөлі зор. "Аутизмді жеңеміз" жобасына қатысатын балалардың “Муха- Цокотуха” спектакілі Алмас ағаның тікелей қолдауымен Астана төріне келіп қойылатын болды, спектаклде ұлым Али өнер көрсетеді. “Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын” демейме халық даналығында. Біздің ол кісіге деген шынайы алғысымыз шексіз!!! Алла қайырымды жандардың ісін оңдасын деп тілейміз.
Алмас Төрегелді ұлы көп жылдан бері ерекше балалар мәселесін үлкен үлкен мінберлерде көтеріп келеді. “ХХІ эпидемиясы” деп саналатын бұл дерт Қазақстанда да күн санап көбейіп келеді. Елде бұл дерт тұқымынан, тегінен деген түсінік қалыптасқан, сондықтан көп қазақ ондай балаларын тығып ұстайды, ұялады, арланады. Баласымен түсінісе алмай жүрген, қоғамнан оқшаулап, өмірге ыңғайлай алмай жүрген ата-аналар әлі бар. Осы мәселеде біз Алмас Төрегелдіұлының қоғамдық белсенділігіне шынайы разы болдық. Аутизм туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруда ол кісінің рөлі зор. Ол басқарған көптеген қайырымдылық, мақсаттық іс-шараларға куә болдық, қатыстық. 14 жасқа толған ұлым Әлиді қоғамға бейімдеуде Алмас ағаның қолдауын сезініп келеміз, қаншама іс-шараларға қатыстық. Соңғысы "Аутизмді жеңеміз" жобасына қатысатын балалардың “Муха- Цокотуха” спектакілі Алмас ағаның тікелей қолдауымен Астана төріне келіп қойылатын болды, спектаклде ұлым өнер көрсетеді. “Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын” демейме халық даналығында. Біздің ол кісіге деген шынайы алғысымыз шексіз!!! Алла қайырымды жандардың ісін оңдасын деп тілейміз.