Баламыздың диагнозын білгелі міне 10 жыл болды, расында біздің балаларға арналған жақсы орталықтар жоқшылық. Осындай қиын кезеңде біздің балаларға деген сеніміңіз үшін және көрсеткен қолдауыңыз үшін шексіз алғыс айтамыз. Сіздің көмегіңіз — жай ғана қаржылай қолдау емес, бұл балалардың ертеңгі күніне деген үлкен сенім. Олардың қоғамнан өз орнын табуына септігін тигізіп, үміт сыйлағаныңыз үшін рахмет.
Осы аутизм победим орталығындп балаларды дамытуға қосқан зор үлесіңіз үшін тағы үлкен рахмет айтқым келеді. Аутизмі бар балаларға көмек қолын созу — бұл жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы адамгершіліктің үлгісі.