Әртүрлі жағдайлар бар әрине, медицина саласы да әр сала сияқты ала-құла, жетістіктері де бар, кем кетіп жатқан жерлері де толып жатыр. Бірақ, дәл осы Рабиға Есенғалиқызына өкпеміз жоқ, күні түні ғылыми ізденіспен, пациенттеріне ең дұрыс, әрі жанжақты жеңіл жолдарды іздеуден, талдаудан шаршамайды. Өзі қызмет атқаратын саланы дамытуға күш салып, салмақты пікірлер білдіріп, мамандығының атын 150% ақтап жүрген азаматша. Егер интервьюді дұрыстап оқысаңыздар, айтып отырған ақылдары де өте орынды, яғни саланы сынау мен бастан өткенді баяндау бір басына, айтылып жатқан жөнді кеңестеріне құлақ асып өз денсаулығымызға бейжай қарауды қойсақ, материалдың негізгі мақсаты сол деп білемін.