Қалқаман ықшам ауданына келген екенсіз, неге Латиф Қыдырбеков көшесімен жүріп көрмедіңіз? Осы көшенің басында N 157 мектеп орналасқан, алдыңғы жылы салынған асфальттың барлық жері деседе болады шұрұқ тесік қазылып кеткен, оның үстіне бірде-бір жарық шамдары қойылмаған. Мектепке баратын оқушыларға қыйын, өйткені қазылып кеткен жолды айланып өтетін көлік жүргізушілерінен оқушыларға өте қауіпті. Айтпақшы осы көшенің асфальтін желтоқсан айында қалың қар жауып тұрғанда салған еді, сенбесеңіздер көше тұрғындарынан сұрасаңыздар болады.
Еркеш аға, Сізге Алланың нұры жаусын. Сіз бұл өмірде, бір жанұяның жеті бірдей жанынна осы өмірдің жәннәтін сыйға тартып отырсаңыз ана өмірде Алла тағалам ұлыңызға сол өмірдің жәннәтін тарту етсін деп дүға тілейміз! Сіздің артыңыздан өсіп келе жатқан мынау біздей іні -қарындартарыңызға үлкен өнеге болдыңыз.
Гена саған тек қана жылдамдық керек. Жылдамдыққа жұмыс істеу керек, сонымен қатар аяқпен жылдам артқа қайтуды дұрыс жолға қойсаң болды, сол кезде барлығы ойдағыдай болады деп ойлаймын. Гена саған әрдайым сәттілік тілеймін! Алла жар болсын!
Жағымсыз пікірге айтарым: Ірігеннің аузынан -шіріген сөз шығады демекші. Олай айтуға қалай ғана ауызыңыз барады? Құдай сақтасын! Халқымыз аман-есен болсын! Аумин!
Әттеген ай, неге соншама жерден алып жерге саласыңыздар? Әкесі өте қарапайым әрі іскер жігіт. Баласын сондай болсын деп тәрбиеледі дейсіздерме? Мұның бәрі үйден шыққаннан кейінгі араласатын ортасына байланысты болып тұр ғой деймін. Жастық шақтың буы ғой.
Жәнібек үшінші раундта құлату керек еді. Құдай қаласа келесі жолы, қалай сәл ғана мүмкүншілік болады, сол кезде бірден құлатып тастауға тырыссаң деген ойдамын. Жеңіс құтты болсын! Қуанышың ұзағынан болсын! Әумин!
Алматы қаласы N 7 -ші емxананың кардиологтар ұжымына маған көрсеткен қызметтері үшін алғысым шексіз! Алла тағалам разы болсын сіздерге! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, xалықтың ризашылығына бөленіп жүре беріңіздер!
Менің жеке көзқарасым бойынша,жасағандарыңыз немесе жасайын деп жатқандарыңыз дұрыста шығар мүмкүн.???Дегенмен осы қалаға барып көлік құралын қоятын жер таппай бір сағат бойы айналып жүрген кім-кімнің болса да жүйкесін жұқартатыны рас. Сондықтанда қала әкімінен өтініп сұрайтынымыз осы түйіні шешілмеген мәселеге аса көңіл аударса екен деймін. Бір жерге жеке шаруаңмен бес минутқа кіріп шығу үшін бір сағат бойы көлігіңізді тұраққа қоялмай яғни орын таппай сандалып жүргеннен шаршадық.
Құрметті қала әкімі! Сіз Қалқаман ықшам ауданындағы Л. Қыдырбеков көшесіне тексеру жіберіп көріңізші, былтыр жазда салған көшенің жағдайын көресіз, ешқандайда жүретін жол қалмаған. Осы көшенің бас жағында салынған мектепке балаларымызды жіберуге қорқамыз, анау пайда болған шұңқұрларға түсіп кетеме деп. Масқара осы көшенің жұмысын қалай қабылдап алды екен???