11 июня 2018 10:26

Астанада сауда үйінде болған қанды оқиғаның видеосы жарияланды

Астанадағы сауда үйлерінің бірінде 7 маусымда болған қанды оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы сауда үйлерінің бірінде 7 маусымда болған қанды оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Роликте ер адамның сауда үйінің дәлізінде тұрғанын көруге болады. Кенет оған бір адам жақындап келіп, бірден төбелесе кетеді. Аз уақыттан кейін ол кетіп қалып, ал жарақат алған жігіттің мойнынан қан сорғалап аққанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұл оқиға 7 маусымда Астанадағы Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан сауда үйінде болған және тек оқиғаның салдары көрсетілген видео таралған еді. 

"7 маусымда Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан сауда үйінде болған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлаған еді полициядағылар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram