29 января 2020 11:04

Қалың қар астынан табылған екі адамды құтқару сәті түсірілген видеоның мән-жайы анықталды

Даурен Ерболат Журналист
Желіде тараған видеодан скриншот. Қостанай облысы

Боранда қалып қойған екі жұмысшыны қар құрсауынан құтқару сәті түсірілген видеоның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боранда қалып қойған екі жұмысшыны қар құрсауынан құтқару сәті түсірілген видеоның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай облысында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан құтқарушылар келгенше жеркепеде жан сауғалауға мәжбүр болған екі жұмысшыны құтқарып алған. Мамандар жұмысшыларды бір тәуліктен соң тапқан екен.

Реклама
Реклама

Құтқару операциясының видеосы әлеуметтік желіде тараған. Онда боранда мамандардың екі адамды омбы қардың арасынан шығарып жатқанын көруге болады.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, оқиға 23 қаңтарда болған.

"112 қызметіне Ақсай елді мекенінен 35 шақырым жердегі екі адамды құтқару туралы қоңырау түсті. Олар мұнда жерді өңдеуге арналған жаңа жабдықтармен бірге жіберілген. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты адамдар өз күшімен кете алмаған. Оларды шұғыл түрде құтқару қажет болды", - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Нұрахметов байланыстың болмауынан екі ер адамның қайда және денсаулық жағдайы туралы мәлімет болмағанын атап өтті.

"Соған қарамастан құтқарушылар тобы жедел іздеуге жіберілді. Жолдың мүлдем көрінбеуі мамандардың жұмысын қиындатты. Соған қарамастан олар адамдарды біртәуліктен соң тапқан. Осы уақыт ішінде екі ер адам жеркепеде болған. Олар Ақсай елді-мекеніне жеткізілді", - деп түйіндеді сөзін ол.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram