ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 февраля 2020 | 09:28

"Екі көліктің бірі - Porsche мен Range Rover". Польшалық футболшы Қазақстан туралы не айтты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конрад Вржещиньский. Фото: instagram.com/wrzesinskikonrad Конрад Вржещиньский. Фото: instagram.com/wrzesinskikonrad

Алматылық "Қайратта" ойнайтын польшалық футболшы Конрад Вржещиньский Przeglad Sportowy сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы өмірі туралы әңгімелеген. Футболшыны Қазақстандағы ауа райы, адамдардың тіршілігі таңғалдырған. Tengrinews.kz тілшісі Вржещиньскийдің польшалық басылымға Қазақстан туралы не айтқанын шолып шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық "Қайратта" ойнайтын польшалық футболшы Конрад Вржещиньский Przeglad Sportowy сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы өмірі туралы әңгімелеген. Футболшыны Қазақстандағы ауа райы, адамдардың тіршілігі таңғалдырған. Tengrinews.kz тілшісі Вржещиньскийдің польшалық басылымға Қазақстан туралы не айтқанын шолып шықты.

"Нұр-Сұлтан - Дубай секілді" 

Журналист сұхбатын "Қазақстанда көшеде аюлар жүре ме деген сұрақтан шаршаған боларсыз?" деп бастады. Конрад Вржещиньский мұндай сұрақтарға үйренгенін, бірақ бұрын бұл қатты ашуландырғанын айтты.

Футболшы Польшадан Қазақстанға дейін сапар ұзақ болғанын сөз етті. Екі сағат Мәскеуге дейін, 4,5 сағат Алматыға дейін ұшқанын айтады.

Артынша Вржещиньский Нұр-Сұлтан мен Алматыны салыстырды.

"Нұр-Сұлтан - Дубай секілді жақында тұрғызылған қала. Жасанды және климатсыз. Ал Алматыда мәдени леп бар, өзбек, корей және қытай ғимараттары көп, бір-бірімен байланысып жатыр. Кеңес кезінде салынған ғимараттар да бар", - дейді футболшы.


Конрад Вржещиньский. © instagram.com/wrzesinskikonrad

Сонымен қатар, Конрад осы екі қаланың қайсы қаттырақ ұнағанын айтты.

"Алматыны таңдар едім. Польшалық қалаларды салыстырсам, әдемі таулармен қоршалған Варшаваны айтамын. Алматының орталығынан жарты сағат жерде биік таулар мен әдемі тау шипажайлары бар", - дейді спортшы.

"Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді" 

"Қайраттың" футболшысы Алматыны әлі толық аралап үлгермегенін айтады.

"Әйеліммен қаланың көрікті жерлеріне көп бара алмадық, себебі оның аяғы ауыр болатын. Қазір екі айлық қызымыз бар, уақытты көбіне үйде өткіземіз. "Медеу" мұз айдынына бара алдық, пәтерімізден жарты сағаттық жерде тұр. Ол әлемде ең биік орналасқан айдын, 1,5 мың метр биіктікте тұр. Екі футбол алаңы сыйып кететіндей үлкен, көлемді. Ол жақта сайыстар өтпейді. Біз барған кезде адамдар коньки теуіп жүрді. Оны жыл бойы пайдалана беруге болады", - дейді Конрад Вржещиньский.


Конрад Вржещиньский. © instagram.com/wrzesinskikonrad

Польшалық спортшы отбасының Алматыда бақытты екенін айтты.

"Өте жақсы тұрамыз, әйелім де бақытты. Қайда барамыз деп ойламаймыз, орталығы өте бай, еуропалық стильде безендірілген. Себебі қалаға еуропалықтар көп келеді. Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді, ал мен ағылшынша білемін. Бірақ бұл пайдама жарамады. Жергілікті тұрғындардың бірі ағылшынша білсе де, көрсетпейді. Адамдары сондай, қате айтудан, акценттен ұялады", - дейді ол.

"Халық шоу үшін өмір сүреді" 

Сонымен қатар, Вржещиньский Қазақстанда орташа деңгейдің жоқ екенін айтқан.

"Менің байқағаным, орташа деңгей деген жоқ. Тек бай мен кедей бар. Мен қала орталығында тұрамын, ал базамыз шетте орналасқан. Қала орталығынан он минут жүргеннен кейін кедейшілікті көремін. 1930-жылдары Польшада салынған нысандарға ұқсас ғимараттар бар. Әдемі көліктер көрсе, көбі таңғалады. Алматының жақсы аудандарында екі автокөліктің бірі - Porsche немесе Range Rover. Жұрт барын көрсетуге тырысады, шоу үшін өмір сүреді. Оларға ақшасын, байлығын, нені басқаратынын, қанша табатынын, қалай киінетінін көрсеткен ұнайды", - дейді футболшы.


Конрад Вржещиньский. © instagram.com/wrzesinskikonrad 

"Менің рекордым - минус 27" 

Конрад Вржещиньский Қазақстандағы ауа райы туралы да айтып өтті.

"Алматыда 1,5 миллион адам тұрады. Бірақ қыста олардың саны 3,5 миллионға жетеді. Жазық далада жағдай қиын - минус 40 градус, жел, сондықтан көбі қалаға қарай кетеді. Ал қалада бәрі басқаша. Менің рекордым - минус 27, бұл Нұр-Сұлтанда болды. Ал жазда температура плюс 37 болуы мүмкін. Ара қатынасы тым алшақ", - дейді Конрад.


Конрад Вржещиньский. © instagram.com/wrzesinskikonrad

Оның айтуынша, ауа райына байланысты Қазақстанда жыл бойына жарамды футбол алаңы тек Алматыда бар.

"Қайратта" ғана жыл бойы жарамды табиғи алаң бар. Тағы үш клуб табиғи алаңда өнер көрсетеді, бірақ онда олар тек жазда ойнай алады. Қалған айларда жасанды көгалға көшеді. Көбі Нұр-Сұлтандағы ұлттық стадионда ойнай береді. Өз алаңында проблемасы бар командалар сонда ойнайды. Өткен маусымда Нұр-Сұлтанда бес клуб ойнап шықты. Проблема жасанды алаңда ғана емес. Әр екі аптада лига матчі үшін ұзақ уақыт ұшу қатты шаршатады. Кем дегенде 1,5 сағат ұшамыз", - дейді футболшы.

Оқи отырыңыз: 

"Ауғанстан секілді ел деп ойладым". Шетелдік футболшылар Қазақстан туралы не деген?

"Бесбармақтың түрі ұнамады". Әлемге танымал спортшылар Қазақстан туралы не деген?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети