ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 сентября 2021 | 22:01

1-сынып оқушыларына "өл" деп жаздыртқан. Министрлік түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" сөзіне байланысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы "Өл" сөзіне байланысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлмира Аймағанбет есімді желі қолданушысы жариялаған суретте оқушыға "өл" сөзін жазу ұсынылғанын көруге болады. Бұл дәптер "Менің алтын жазу үлгім" деп аталады. Авторы - С.Трофимова. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсат қандай екенін сұраған.


"Менің алтын жазу үлгім" дәптері

"Өлі несі? басқа сөз таппағанба?", "Жүре берсең көре бересің" деген осы болар", "Өс, өн десе де болады ғой", "Масқара, осыны қадағалайтын органдар қайда қарап отыр?" дейді қолданушылар.

ҚР Білім Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

"ҚР "Білім туралы" Заңына және ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2012 жылғы № 344 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер ғана сараптамадан өткізіледі. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз - оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, хрестоматия, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, картографиялық атлас. Бұдан басқа оқу басылымдары мемлекеттік бюджет есебінен өткізілетін сараптамаға қабылданбайды", - делінген министрлік жауабында.

Бірақ, ведомство мәліметінше, мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұндай жазу дәптері сияқты қосымша оқу басылымдарын таңдау құқығы берілген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 19.01.2016 жылғы № 44 бұйрығының 38-тармағында айтылған екен.

Сондықтан мұндай оқу басылымдарын сатып алмастан бұрын олардың сапасына, мазмұнына, қажеттілігіне ұйымның педагогтері мен әдістемелік бірлестіктері мұқият қарауы қажет екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer