ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 июня 2020 | 14:35

12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр - ІІМ

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Depositphotos Фото: Depositphotos

Қазақстанда 12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы ІІМ Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 12 мың бала берекесіз отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы ІІМ Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Берекесіз отбасы

Оның айтуынша, елімізде 8 мың берекесіз отбасы полиция есебінде тұр.

"Қазіргі таңда ішкі істер органдарының есебінде 8 мың берекесіз отбасы бар. Онда шамамен 12 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Бірақ жыл сайын берекесіз отбасылардың саны азайып келеді. Мысалы, осыдан 2-4 жыл бұрын мұндай отбасының саны шамамен 9-10 мыңдай болды", - дейді ол білім және ғылым министрлігінің Facebook желісінде өткен брифингте.

Жасөс­пі­рім­дер жасаған қылмыс

Сонымен қатар, Әсет Оспанов Қазақстанда жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыс саны азайып келе жатқанын атап өтті. Ол 8 жылдың статистикалық дерегіне тоқталды.

"Соңғы жылдары елімізде жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыс азайып келеді. Мысалы, 2013 жылы жөспірімдер арасында 4 мыңнан аса қылмыс жасалды. Ал 2014 жылы 3533 дерек, 2015 жылы 2923 дерек, 2016 жылы 3291 дерек, 2017 жылы 3121 дерек, 2018 жылы 2920 дерек, 2019 жылы 2645 дерек, ал 2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 665 қылмыс тіркелді", - деді басшы.

"20 мың ата-ана жауапқа тартылды"

Оның айтуынша, мектепте оқу жылы аяқталып, балалар жазғы каникулға шыққан кезде жиі далада жүреді. 

"Осы уақытта полиция кәмелет жасына толмағандарға алкоголь, темекі өнімдерін заңсыз сату, олардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында, адам тұруға жарамайтын үйлерде жүру фактісін анықтауға кіреседі. Биыл осы фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке 1500-ден астам кәсіпкер, 500-ге жуық көңіл көтеру мекемесінің иесі, 20 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды. 7 мың жасөспірім мен полиция есебінде тұрған 8 мың берекесіз отбасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Әсет Оспанов.

Сонымен қатар, ол биыл 2 мыңға жуық ата-ана баласына қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 300 адам ата-ана құқығынан айырылғанын жеткізді.

Жол апаты

2019 жылы балалардың қатысуымен шамамен 3 500 жол апаты дерегі тіркелген.

"Салдарынан шамамен 250 бала қаза тапты, 4 000 бала жарақат алды. Биыл балалардың қатысуымен 600 жол апаты дерегі тіркелді", - деді басшы.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде жетім балалардың саны азайғанын, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлағанын, Қазақстанда жылына 1 мың отбасы ата-ана құқығынан айырылатынын хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer