Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 июня 2020 11:47

Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады - ІІМ

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық ата-ана баласын тәрбиелеу мен өсіру құқығынан айырылады. Бұл статистиканы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық ата-ана баласын тәрбиелеу мен өсіру құқығынан айырылады. Бұл статистиканы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғауға қатысты өткен онлайн-брифингінде Әсет Оспанов еліміздегі ата-аналар көбіне қандай жағдайда балаларды тәрбиелеу құқығынан айырылатынын айтты. 

"Көбіне балаларын өсіру құқығынан айырылатын ата-аналар алкоголь ішеді, балалардың білім алуы мен тәрбие алуына жағдай жасамайды. Өмір салты нашар болып келеді... Өкінішке қарай, жыл сайын елімізде мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады", - деді ол.

Әсет Оспановтың айтуынша, ата-аналар мұндай құқықтан айырылмас бұрын олардың денсаулығын жақсарту, алкогольге тәуелділіктен емдеу, жұмыс тауып беру үшін арнайы шаралар жасалады. Егер содан кейін де ата-анасы оңалмаса, онда балаларды қорғау органдарды сотқа жүгінеді.

"Өткен жылғы сәуір айына дейін жұмыста полиция органы атқарып келсе, енді заңға өзгеріс енгізілді. Қазір есепке жергілікті атқару органдары ала отырып, әлеумеуттік қорғау, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту т.б. органдар бірлесе отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салады... Егер отбасы осынша көмектен кейін де дұрыс өмір сүрмей, баланың өміріне қауіп төндірсе, онда құқығынан айыру туралы өтініш сотқа кетеді", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, БҒМ Балалар құқығын қорғау жөнінде комитет төрағасының м.а. Дулат Жекебаев ата-аналар құқығын қайтарып ала алатынын атап өтті.

"Ата-ана құқығынан айырылған ата-ана егер жұмысқа тұрса, емделсе, өзінің тұратын жайын жақсартса, онда мемлекет комиссия құрып, ата-аналардың құқығын қайтарып беруді қарастырады", - деді Жекебаев.

Қазақстанда жыл басынан бері 27 бала терезеден құлаған - ТЖК

Айта кетейік, бұған дейін брифингте биыл елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893-ке азайғаны айтылды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети