1986 жылы алаңға шыққандар Желтоқсан оқиғасын әңгімелеп берді

17 Желтоқсан 2018, 16:05
11
© wikipedia.org
© wikipedia.org

7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында 1986 жылы алаңға шыққандар Желтоқсан оқиғасы жайлы естеліктерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында Қайрат Рысқұлбековтің туған бауыры Талғат Рысқұлбеков қонақта болды. Ол Қайраттың мінезіне тоқталып, Желтоқсан оқиғасын тағы бір сәт еске алды. 

Бағдарлама қонағы, экономика ғылымдарының докторы, Қайрат Рысқұлбековпен жатақханада бір бөлмеде тұрған Бауыржан Қайранбек өмірінің сол бір сәттерін есіне алып, әңгімелеп берді. Ол Рысқұлбековпен бірге алаңға шығып, сол үшін 5 жылға сотталған.

"17-сі күні біз сабаққа барып келген кезде Нұрмахан деген Шымкенттің жігіті, Бауыржан, естідің бе, алаңға шыққан жастарды қуалап жатыр екен, деді. Олай болса барайық дедік те, жатақханада жиналдық. Біраз уақыттан кейін деканның орынбасары шақырып, қиын заман болып жатқанын айтты. Сол сәтте телеарнадан қазақтың бір топ нашақор қыздары мен жігіттері алаңға шықты деп хабарланды", - деп еске алды ол.

Студияда сол уақытта құрылған ұйымдар жайлы да сөз болды.

"1989 жылы бірінші рет "Желтоқсан" деген ұйым құрылды. Ол ұйым түрмеде жатқан жігіттерді шығару үшін неше түрлі әрекетке барды. Ал 1993 жылы қалалық әкімдік үш адамға үй берді, оның ішінде марқұм Қайраттың анасы да бар", - деді Желтоқсанға қатысқан Құрманғазы Рахметов.

"Рух пен ар" кітабының авторы Болат Төлепберген кітапта көрсетілген статистикаға тоқталды. Бағдарламаға келген әр кейіпкер өз шындығын айтып, естеліктерін әңгімелеп берді.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц