ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 сентября 2021 | 15:30

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Искендер Усабаев - АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Искендер Усабаев - АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр.

Искендер Усабаев - АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Ұлты - қырғыз. Қазір ол халықаралық қатынастардың даму жолын тереңнен зерттеп жүр. Әлемнің 7-ге жуық оқу орнында тағылымдамадан өткен Искендер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, неге дәл Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін түсіндірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Искендер Усабаев - АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Ұлты - қырғыз. Қазір ол халықаралық қатынастардың даму жолын тереңнен зерттеп жүр. Әлемнің 7-ге жуық оқу орнында тағылымдамадан өткен Искендер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, неге дәл Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін түсіндірді.

Кейіпкеріміз биыл 26-ға толды. Қырғызстанда дүниеге келген ол 3 жылдан астам уақыт Алматыда оқыған. Бүгінде Искендер қазақ тілін қосқанда 8 тілде еркін сөйлейді.

"Қазақ тілін 4 айда үйреніп шықтым"

"Қазақстанға 2017 жылдың аяғында біржола көшіп келдім. Елге келе салып, қазақ халқының тілін меңгеруді мақсат еттім. Жолым болып, Алматыдағы достарымның көмегімен тілді 4 айдың ішінде үйреніп шықтым. Артынан күнделікті өмірде тек қазақ тілінде сөйлеу әдетке айналды. Бұдан бөлек, қырғыз, орыс, ағылшын, неміс, испан, итальян және болгар тілдерін жетік меңгергенмін", - дейді ол.

Сонымен қатар, Искендер қазақ тілінің өзге тілден ерекшелігін атап өтті.

"Жасыратыны жоқ, қазақтың тілі ырғақты әрі құлаққа жағымды тіл ғой. Өзге тілдермен салыстырғанда синоним сөздердің көптігін айтар едім. Өзім оқыған тілдердің ішінде мұншалықты сөз алуандығын байқаған емеспін", - деп таңданысын білдірді ол.

Шетелдің 5 университетінде оқыған

Искендердің айтуынша, адамды алға жетелейтін тек қана оқу. Шетелдің 5 университетінде білім алған ол өз талдауын айтты. 

"2012 жылы Орталық Азиядағы Америка университетіне (ОААУ) түстім. Онда халықаралық қатынастар факультетінде оқыдым. Кейіннен ОААУ-дағы білім аздық еткен соң Болгариядағы Америка университетіне (БАУ) ауысып, өз саламды кеңінен зерделей бастадым. Айта кету керек, Болгариядағы білім деңгейі мен ойлағаннан өте төмен деңгейде боп шықты. Бір апталық оқу жоспарын бірнеше сағатта аяқтайтын кездерім өте көп болды. 2014-2015 жылдары Италияның Феррара университетінде халықаралық құқық бағыты бойынша білімімді жетілдіре бастадым. Феррара шағын қала болса да, өңкей эрудиттер жиналған аймақ екенін атап өтпесем болмас. Италияда халықаралық қатынастардың жаңа қырын ашып, көптеген саясаткерлер мен фрилантроптардың дәрісін алдым. Ал 2016 жылы Гумбольдт атындағы Германия университетінен шақырту алып, халықаралық қатынастардың дағдарыстағы рөлі тақырыбындағы алып операцияға қатыстым", - деп атап өтті ол.

Искендер Усабаев Қазақстанда да білімін жалғаған боп шықты. Ол Қазақстанда өткізген жылдарын ерекше тербеніспен еске алды. 

"2018 жылы Алматыдағы КИМЭП-тің магистратурасына қабылданып, халықаралық қатынастардың магистрі дәрежесін алдым. Бір қызығы, бұл университетке түсу оңайға соқпады. Еуропада жинақтаған білім арсеналы көп есікті оңай ашатындай көрінген еді, бірақ қатескен екенмін. Десе де, оқу дегеніңіз сонысымен пайдалы ғой. Айналдырған 2 жылдың ішінде практикадан ғылымға бірден аяқ бастым. Қазақстандағы мұғалімдеріммен жұмыс істеу мен үшін керемет тәжірибе болды. Әлі күнге дейін елдегі профессорлармен әңгіме-дүкен құрған сәттерімді сағынамын", - дейді Усабаев.

Корнелл туралы

"Биыл Америкадағы Корнелл университетінде 2-ші магистратурамды бастадым. Бірінші күннен бастап университет өзінің жоғары талабын аңғартты. Мұнда студенттер емес, ғалымдар оқитындай әсер қалдырады. 3 ай ішінде кітапхана жарығы сөніп тұрғанын байқамаппын. Корнеллдің түрлі саланы қамтыған 7 колледжі, медицина кампусы бар. Сондай-ақ, Нобель сыйлығының 40-тан астам лауреаты дәл осы Корнеллден шыққан екен. Мен қазірдің өзінде 15 сағатымды сабағыма арнаймын. Кейде мұның өзі аз", - дейді ол.

"Елдегі оқу орындары студенттердің уақытын босқа құртады"

Искендер Корнеллдің қазақ оқу орындарынан артықшылығын да айтып берді.

"Біріншіден, Қазақстандағы университеттерде кітап жетіспейді. Барлық ақпаратты интернеттен аламын деген жалған ұғымнан арылу керек. Бәлкім, жақын 30-жылдықта болатын дүние шығар, бірақ қазір емес. Екіншіден, елдегі оқу орындары студенттердің уақытын босқа құртады.Мәселен, Корнеллде уақытты диссертация мен эсселерге құртпайды, мұнда тәлімгерлер тек жобалармен айналысады. Әр студент өз жобасына іштен шыққандай баласындай қарайды. Үшіншіден, студенттерге стипендиядан басқа жағдай жасалмаған. Ізденіс жолындағы адамға менталды тұрғыдан көмек ауадай қажет. Сол себептен де болар, көптеген ғылым жолындағы студент өз-өзіне қол жұмсады. Бұл аса мән беретін проблемалар қатарына жатады деп санаймын", - деп толғанды ол.

"Қазақстанға оралып, талантты жандарға көмектесемін"

"АҚШ-тағы оқуым аяқталған соң бірден Қазақстанға жол тартамын. Талантты, білімді жастардың әлеуметтік проблемаларын шешу мақсатында өз бизнес-инкубаторымды ашу жоспарымда тұр. Қазақстанда әр саланы қамтыған талантты адамдар өте көп. Менің мақсатым - оларға жол ашып, инвестор тарту", - деп сөзін аяқтады Искендер Усабаев. 

Әңгімелескен: Мұхтар Жәмішжанов
Суреттер: Искендер Усабаевтің жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer