ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 апреля 2020 | 17:26

Алматыда коммуналдық қызмет ақысы кімдерге өтеп берілетіні айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласында коммуналдық төлем ақысы 60 мыңға жуық адамның дербес шотына аударылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында коммуналдық төлем ақысы 60 мыңға жуық адамның дербес шотына аударылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарманың басшысы Әсет Масабаев қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде айтты.

"Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, индустрия министрлігі коммуналдық меншікті өтеу бойынша ереже бекітті. Осы ережеге сәйкес және коммуналдық өтеуді қабылдайтын әлеуметтік әл-ауқаты төмен тұрғындар бекітілді", - деді Масабаев.

Спикер келесі санаттағы азаматтар тізімін атады:

І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқықтық-тәртібін орындау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Сонымен қатар, басқарма басшысы аталған тұлғалардың коммуналдық меншікті өтеу шотына сәуір және мамыр айларына 15 000 теңге аударылатынын айтты.

"Тізімге енгізілген барлық тұтынушы көмек алуға құқылы. Айта кететін жағдай, Алматы қаласында бұл тізімде 60 мыңға жуық адам бар. Осы азаматтардың әрбір дербес шотына 15 мың теңгеден бөлінеді. Бұл 15 мың теңге екі айға: сәуір және мамыр айларына бөлінеді. Сәуір айына келетін коммуналдық меншік бойынша өтеу мамыр айында, мамыр айындағы өтеуге маусым айында келеді", - деді спикер.

Еске салайық, Алматыда 20 сәуірден бастап өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс нысандары және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бір ХҚКО жұмыс істейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer