ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
29 сентября 2021 | 16:39

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің сөзінше, вакцинаның жеткізілетін нақты күні белгісіз. 

"Әзірге күтіп отырмыз. Бірақ ол да ауызша айтылды. Жалпы қазанның соңында Pfizer келеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі оның жеткізілу кестесін бермеді. Бүгінде вакцинаның осы түрін салғысы келетіндердің тізімін алып жатырмыз. Бұл мәселе ауруханалармен қарастырылып жатыр", - дейді Лаура Мырзағали ӨКҚ брифингінде. 

Айта кетейік, бүгінде, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда 948 144 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін алса, 862 223 екі компонентін салдырған.

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети