Ата-анасының рұқсаты болмаса, балаларға вакцина салмаймыз - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ата-анасының рұқсаты болмаса, балаларға вакцина салмаймыз - ДСМ Фото:elements.envato.com

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева "балаларға басқа екпе ретінде коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр" деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Айнагүл Қуатбаеваның сөзінше, бүгінде мектептерде вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ. 

"Расында әлеуметтік желілерде сондай ақпарат тарап кеткен. Бізге хабарласып жатқан ата-аналар да бар. Бірақ бір құтыда, бір шприцтегі коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Елімізде 18 жасқа толмаған балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен салынады. Ата-анадан қажет мәлімет беріліп, қолхат алынады. Егер мектеп қандай да болсын екпе салынатын болса, жиналыс өткізіледі. Ал жалпы бүгінде мектеп аясында вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ", - деді Айнагүл Қуатбаева ОКҚ брифингінде. 

Сонымен қатар, Айнагүл Қуатбаева Қазақстанға балаларға арналған вакцина келген жағдайдың өзінде де ол тек ата-анасының рұқсатымен салынатынын атап өтті. 

"Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer. Егер мемлекетке вакцина келген жағдайда белгілі механизм ұйымдастырылып, халыққа алдын ала хабарланады. Сондықтан алдын ала дүрлігіп, тексерілмеген мәліметке сүйенетін адамдарға айтарымыз сол", - деді Айнагүл Қуатбаева.   

Айта кетейік, 2021 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 928 646 адам вакцинаның I компонентін салдырған, ал II компонентін 5 755 817 адам алған.

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +24
Астана +17
Актау +27
Актобе +23
Атырау +28
Б
Балхаш +20
Ж
Жезказган +18
К
Караганда +21
Кокшетау +22
Костанай +27
Кызылорда +23
П
Павлодар +22
Петропавловск +26
С
Семей +22
Т
Талдыкорган +24
Тараз +25
Туркестан +24
У
Уральск +24
Усть-Каменогорск +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Реклама
Социальные сети