ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 апреля 2020 | 17:00

"Арты өлімге әкеп соғатын екпе егеді" - коронавирус туралы жалған ақпараттар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда күн сайын коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркеліп жатыр. Осы тұста Желіде қазақстандықтар вирус туралы түрлі жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус туралы қазақстандықтар таратып жатқан соңғы фейк-жаңалықтарға шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда күн сайын коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркеліп жатыр. Осы тұста Желіде қазақстандықтар вирус туралы түрлі жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус туралы қазақстандықтар таратып жатқан соңғы фейк-жаңалықтарға шолу жасады.

"Көкшетау карантинге жабылады" -  фейк

Наурыздың аяғында WhatsApp мессенджерінде аудиохабарлама тараған. Хабарламада Нұр-Сұлтан емделушілерінің Көкшетауға жеткізілгені, сол себепті қалаға карантин қойылғаны айтылған.

Ақмола облыстық полициясы авторды 25 наурызда ақпарат шыққан соң бірнеше сағаттан кейін тапқан.

"Красный Яр ауылының 31 жастағы тұрғыны WhatsApp тобында құрбыларына жалған ақпаратпен аудиожазба жіберген. Ал құрбылары өз кезегінде оны әрі қарай таратқан", - дейді полициядағылар.

Қазір жалған ақпарат таратқан тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы - "Жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған дерек бойынша күдіктіге 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

"Қостанай облысының төрт қаласы жабылады" - фейк

Наурыздың аяғында Қостанай облысының тұрғындарын дүрліктірген аудиожазба тарады. Онда Қостанай, Лисаковск, Рудный және Тобыл қалаларына карантин енгізіледі деп айтылған. Аудиожазбада ер адам Меңдіқара ауданы Ломовоносово ауылының тұрғындарына 29 наурыздан бастап барлық жол жабылатынын ескертеді.

"Бәріне қайырлы кеш, ломоносовтықтарға 29 наурыздан бастап Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобылдың карантинге жабылатынын ескертемін. Кіруге және шығуға тыйым салынады. Қаладағылар немесе қалаға баруды жоспарлап отырғандар, үйге қайтып үлгеріңдер", - дейді аудиожазбадағы ер адам даусы.

Қостанай облыстық полиция департаменті бұл аудиохабардың жалған екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл аудиожазбаны таратқан Каскад ауылының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

"Қарнақ ауылында коронавирус табылды" - фейк

Наурыздың аяғында әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Қарнақ ауылында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді деген жалған ақпарат тараған. 28 наурызда Кентау қалалық полиция бөлімшесіне осы дерекке қатысты арыз түскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында кентаулық полицейлер күдіктіні ұстаған. Ол Қарнақ ауылының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны болып шықты. Ол жергілікті мектептердің бірінде сегізінші сыныпта оқиды екен.


Фото: polisia.kz 

Жасөспірім істеген ісін мойындап, өкінетінін айтқан. Оның ата-анасымен профилактикалық жұмыс жүргізілген, енді олар әкімшілік жауапқа тартылады.

Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"19:00-ден кейін шыққандарға айыппұл салынады" - фейк

Кейін желіде карантин кезінде көшеге шыққандарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат тарады. Дәлірек айтқанда, карантин енгізілген қалаларда 19:00-ден кейін жеке көлікпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынатыны жазылған. Хабарлама телефон экранынан түсірілген. Онда E.gov.kz деп жазылып тұр.

"Қабылданған шаралар мен карантин шектеулерін орындамағандарға 26 500 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершлілік қарастырылған", - деп жазылған.

Tengrinews.kz редакциясы осы хабарламаға қатысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-дан пікір білдіруді сұраған. Ондағылар бұл ақпараттың фейк екенін айтты.

"Бұл жалған ақпарат. Қазір тек түсіндіру компаниясы жүргізіп жатыр. Айыппұл салмаймыз", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар ресми мәліметтен әлдеқайда көп" - фейк

Polisia.kz сайтының мәліметі бойынша, интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында ақтөбелік полицейлер WhatsApp желісі арқылы таратылған жалған ақпаратты анықтады. Белгісіз әйел адам аудио жазып, оны сыныптастар тобына жіберген.

Жазуда "Ақтөбедегі коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп және жеке клиниканың барлық қызметкерлері жұқтырған және карантинде жатқызылды" деген мәліметтер айтылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан жеке емхананың 46 жастағы қызметкерін анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекеттерін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібінбұзуға итермелейтін іс-әрекеттер" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сот 40 АЕК (106.040 теңге) көлемінде айыппұл салды.

"Шу карантинге жабылады" - фейк

Сәуірдің басында Жамбыл облысының Шу қаласына карантин енгізіледі деген ақпарат тарады. Мұның да кейін фейк екені белгілі болды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратқан адамды ұстады. Ол Шудың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ұсталған әйел әлеуметтік желіде фейк таратқан қатесін мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бос бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Арты өлімге әкеп соғатын екпе егеді" - фейк

Соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары арасында WhatsApp мессенджерінде беймәлім хабарлама тарай бастаған. Белгісіз автор 13 сөйлемнен тұратын мәтінінде пәтердің есігін ешкімге, әсіресе полиция қызметкерлерімен бірге келген дәрігерлерге ашпауға шақырады.

"Олар вирустық инфекцияға тест жүргізіп, арты өлімге әкеп соғатын екпе егеді", - делінген жазбада.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде растады. СҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге пәтер тексерумен емес, төтенше жағдай режимінде қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады.

Көрші Ресей Федерациясы тұрғындарының арасында да осы сарында жазылған хабарлама жүр. Елдің ішкі істер органдары да оны жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer