Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 мая 2020 12:47

"Коронавирустан қайтыс болды деу үшін ақша ұсынған". Желіде қандай жалған ақпарат тарап жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде коронавирусқа байланысты жалған ақпараттар тоқтар емес. WhatsApp мессенджерінде халықты дүрліктіретін түрлі ақпарат тарап жатыр. Кеше ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін ұзаратыны туралы видео қызу талқыланған болатын. Кейін мұның фейк екені анықталды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты жалған ақпараттар туралы баяндайды.


Елімізде коронавирусқа байланысты жалған ақпараттар тоқтар емес. WhatsApp мессенджерінде халықты дүрліктіретін түрлі ақпарат тарап жатыр. Кеше ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін ұзаратыны туралы видео қызу талқыланған болатын. Кейін мұның фейк екені анықталды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Төтенше жағдай режимі 24 шілдеге дейін ұзартылды" - фейк

Желіде "Хабар 24" телеарнасындағы сюжет үзіндісі тарап жатыр. Онда төтенше жағдай режимінің 24 шілдеге дейін ұзартылғаны хабарланған. Видео кесілген болып шыққан. Сюжеттің толық нұсқасында Франциядағы ТЖ режимін ұзарту туралы айтылған.

Француз парламенті коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған шаралар 24 наурыздан бастап күшіне енген. Бұл режим екі айға қабылданған, яғни, 24 мамырға дейін. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуар Филипп 11 мамырда аяқталуы керек болған карантин режимі туралы заң күшін ұзартуды ұсынған.

Видеоның негізгі нұсқасы 11:35 минуттан басталады.

Ал Қазақстанда ТЖ режимі 11 мамырға дейін.

"Ресейден Ақтөбеге автобустармен 500 адам әкелінген" - фейк

Ал Ақтөбеде 56 жастағы әйел жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік арқалады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқан ақтөбелік қоғамдық көлік тасымалдау компаниясының бір қызметкерін анықтады.

"Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге автобустармен 500 адамды әкелгені туралы, ал бүгін бір топ студент келетінін және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толып отыр деген ақпарат таратқан. Алайда, бұл шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

24 сәуірде әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды.

"Алматыдағы № 4 емхананың дәрігерлері жаппай COVID-19 жұқтырды" - фейк

Ал Алматыда Желі қолданушылары № 4 емхананың дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген ақпарат таратты. Бұл ақпаратта қалалық емхананың 27 қызметкерінен COVID-19 табылғаны айтылады.

Алайда Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, 27 медицина қызметкері үйдегі карантинге жіберілген. Себебі олар науқаспен қатынаста болған.

"Наурыз айының соңында Алматы облысында тұратын 27 қызметкер Alan Cirсus қонақүйіне орналастырылған. Кейінірек осы қонақүйде тұрған Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты № 4 қалалық емхананың 27 қызметкері 11-25 сәуір аралығында үйдегі карантинге жіберілді", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, барлық қызметкерден коронавирусқа сараптама алынғаны және олардың теріс нәтиже көрсеткені анықталды.

"Коронавирустан көз жұмған адамның соңғы видеосы". Желіде қандай жалған ақпарат тарап жатыр?

"Қайтыс болу себебін коронавирус деу үшін ақша ұсынған" - фейк 

Polisia.kz мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген мамандар қала тұрғынының Instagram желісіндегі аккаунтынан бір постты байқаған. Онда ол "Полицейлер қайтыс болған зейнеткердің туыстарына ақша ұсынды" деп жазған. Жазбаға сүйенсек, полицейлер қарияның қайтыс болу себебін коронавирус инфекциясымен байланыстыру үшін туыстарына 100 мың теңге ұсынған екен.

Бұл ақпаратты Петропавл тұрғыны парақшасына көп адам тарту үшін жариялағаны белгілі болды. Полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін кәмелетке толмаған қыз бала парақшасындағы ақпаратты өшірген.

"Кәмелетке толмаған қала тұрғынымен профилактикалық тұрғыда әңгіме болды. Оның анасына қатысты ҚР ӘҚБтК "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша материал жиналды", - дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Эльмира Абушева.

"Бұл - геонцид" - фейк

Солтүстік Қазақстан облысында халықты дүрліктірген тағы бір ақпарат тарады. Екібастұз тұрғыны дәрігерлердің коронавируспен ауыратындар туралы жалған статистика құрастырып, геноцид жасалып жатқанын мәлімдеген.

Құқық қорғаушылардың ақпараты бойынша, видеоны түсірген әйел оны YouTube хостингіне жариялаған. Роликті кейін қолданушылар бір-біріне таратқан.

"Бұл дерек тіркелді. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құқық қорғау органдары жалған видео хабарламаны таратушыны ұстады, ол Екібастұз қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Төтенше жағдай кезінде заңдылық пен тәртіпті бұзуға әкеп соқтыратын іс-әрекеттер" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберіледі", - делінген хабарламада.

Әйел адам кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұраған.

"Арты өлімге әкеп соғатын екпе егеді" - коронавирус туралы жалған ақпараттар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети