Атырау маңындағы "пешеходтардың жолы" тұрғындарды таңғалдырды

22 Мамыр, 20:26
3
Атырау маңындағы "пешеходтардың жолы" тұрғындарды таңғалдырды -

Атырау маңындағы Жаңаталап ауылының бір көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видеодан жол белгілерінің әр 30 метр сайын орнатылғанын көруге болады. Екі минуттық роликте жол белгілерінің саны 20-дан асып кетеді. Көлікте отырған бір топ ер адам көшеде бір-біріне өте жақын қойылған жол белгілерін көрсетіп, видеоның Жаңаталап ауылында түсірілгенін және шамадан артық орнатқандарды сынайды.  

"Осының бәрін қалаға салса. 1 минут 30 секунд бойы бітпейтін пешеход. Бұл пешеходтардың жолы", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл видеодағы деректі растады. 

"Жол әлі қолданысқа берілмеген. Жолды салу жұмысымен айналысып жатқан "Атырауинжстрой ЖШС"-не стандарттарға сәйкес келмейтін жол белгілерін ережебұзушылықтармен орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 631-бабы ("Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу") бойынша xаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, бұл жол белгілерін қайта жасау үшін Атырау қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөліміне ұйғарым жолданғаны айтылады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц