Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ауруханалар жасанды тыныс алдыру аппаратымен қашан толық қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ауруханалар жасанды тыныс алдыру аппаратымен қашан толық қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда 1 958 жасанды тыныс алдыру аппараты бар.
"Қосымша 4 153 жасанды тыныс алдыру аппараты сатып алынып жатыр. Оның 3 105-ін отандық тауар өндірушіден аламыз. Алдағы 2 айда аталған құрал Қазақстанда өндіріліп, медициналық ұйымдарымызға жеткізіледі. Сондай-ақ, тыныс алдыру аппаратын жеткізу штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта біз медициналық ұйымдарымызды жасанды тыныс алдыру аппаратымен толық қамтамасыз етеміз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келе жатқанын, қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.
Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.
Сонымен қатар, өткен аптада денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін мәлімдеген. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!