Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 июля 2020 09:17

Жағдай тұрақталып келеді - Алексей Цой елдегі коронавирус туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Соңғы аптада COVID-19 жұқтырып, ауырған және қайтыс болғандарға байланысты жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы аптада COVID-19 жұқтырып, ауырған және қайтыс болғандарға байланысты жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы аптада COVID-19 жұқтырып, ауырған және қайтыс болғандарға байланысты жағдай тұрақталып келеді. Тәулігіне 1500-1600 адам жұқтырып жатыр. Осы айдың үш аптасында төсек орын қоры 30-34 мыңнан 47-49 мың инфекциялық және провизорлық орындарға дейін көбейді. Төсек орын қоры 19 003-ке артты, оның ішінде қосымша 5 003 инфекциялық төсек орын дайындалды. Бұл науқастарға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етті", - деді министр.

Сондай-ақ, Алексей Цой қазір коронавирус жұқтырған және пневмониямен түскен науқастарды ауруханаларға жатқызуға орын жеткілікті екенін атап өтті.

"Провизорлық стационарлардағы төсек орындарының 20 пайызы (89 пайыз бос болмаған) босады. Реанимациялық төсек орындарының 67 пайызы бос емес. Карантин енгізбегенге дейін бұл көрсеткіш 91 пайыз болған. Осылайша, қазір коронавирус жұқтырған және пневмониямен түскен науқастарды емдеу үшін стационар төсек орындар жеткілікті", - деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 43 401 науқас аурудан айықты, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети