ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 января 2021 | 19:12

Айбек Паяев ҚХП неге премьер кандидатурасына дауыс беруден қалыс қалғанын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айбек Паяев. Сурет: ҚХП баспасөз қызметінен Айбек Паяев. Сурет: ҚХП баспасөз қызметінен

Қазақстан Халық партиясының өкілі Айбек Паяев партия Үкімет басшысы қызметіне неге Асқар Маминнің кандидатурасын қолдамағанын және дауыс беруден қалыс қалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Халық партиясының өкілі Айбек Паяев партия Үкімет басшысы қызметіне неге Асқар Маминнің кандидатурасын қолдамағанын және дауыс беруден қалыс қалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Паяев үкімет басшысы қызметіне әріптестері атынан өзіне ұсыныс болғанын айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, біз үкіметке өз әріптесімізді ұсындық. Оның ішінде үкіметтің басшысы ретінде мені ұсынып отыр. Олай болса, біз нақты жұмысты бастап, нақты нәтиже беретін едік. Өйткені бүгінде халыққа жағдай жасау керек. Ең басты мәселе - халыққа керек жағдай жасау керек. Ол өзіміз айтқандай су, жарық, электр жарығы, инфрақұрылымдар, медпункттер, осының бәрі тез арада шешілуі керек", - деп түсіндірді ол.

Алайда ол "Президенттің ұмтылысын жақсы түсінетінін" айтты.

"Сонымен қатар, сайлауалды науқан кезінде жүздеген азаматымызбен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын көріп, жанайқайын естідік, көзімізбен көрдік. Бүгінде су жоқ, электр қуаты жоқ, тиісті инфрақұрылымдар жоқ, халыққа ең бастысы саналатын қажеттілер елімізде жоқ болып отыр", - дейді партия өкілі.

Паяев бүгінгі дауыс беруден қалыс қалу себебі деп бағытын түсінбейтінін, оның орнына пандемия кезінде халықтың әл-ауқатын көтеру керегіне тоқталды. 

"Олардың бағыттарын біз түсінбейміз. Өздеріңіз білесіздер, мынадай пандемия уақытында экономикамыздың ары қарайғы дамуын ойлау керек. Пандемия уақытында кәсіпкерлеріміздің, халқымыздың жағдайы, экономикамыздың жағдайы қатты құлдырады. Үкімет тарапынан бөлінген ақша жалпы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бір ғана пайыз болып отыр. Қалған кәсіпкерлеріміз тиісті қолдаусыз қалып отыр. Қарапайым халқымыз экономикамыз баяулауынан, үкіметтің жұмысындағы кемшіліктерінен қараусыз қалып отыр, әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Халыққа ең қажетті нәрселер жоқ. Сондықтан нақты әрекеттер жасап, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс істеу қажет. Сондықтан үкіметтің бағытын біз қолдамаймыз. Әкімдіктерге де сұрақ өте көп. Үкіметті қолдамаған ұстанымдары үшін Халық партиясының жетекшісі Айқын Қоңыровты, әріптестерімді толығымен қолдаймын", - деді Қазақстан Халық партиясы өкілі Айбек Паяев.

Бұған дейін Қазақстанның Халық партиясы төрағасы Айқын Қоңыров партияның Мәжілісте үкімет басшысы қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы ұсынылғанда қалыс қалғанын мәлімдеген. Бұған себеп ретінде Қоңыров зейнет жасын төмендету, жеке тұлғалардың кредитін кешіру, ШОБ бизнесі, білім берудің қымбаттығы сияқты себептерді атаған болатын.


ҚХП-нің қызыл автобусы Байқоңырдағы бес қабатты жалғыз үй алдында тұр. Үйде су мен жылу жоқ.

Еске салайық, сайлау қарсаңында ҚХП өкілдері өңірлерді аралап, жол, электр жарығы, инфрақұрылым мәселелерін көтерген. Елді мекен тұрғындары мәселесін партия өкілдеріне баяндаған еді.

"Акимы приходят, смотрят и уходят". В единственной пятиэтажке в пригороде Байконура нет воды и тепла 

Айта кетейік, Мәжіліс отырысына 99 депутат қатысты. Асқар Маминнің кандидатурасына 78 депутат дауыс берді. 21 депутат қалыс қалды. Нәтижесінде Асқар Маминнің кандидатурасы көпшілік дауыспен мақұлданды. Президенттің Жарлығымен ол қайтадан премьер-министр болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХП мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, "Қалыс қалу - бұл Президент ұсынысына қолдаудың жоғын білдірмейді" деп атап өтті.

"Бәріміз күткендей, "Ақ жол" партиясы мен Қазақстанның Халық партиясын екі фракция қалыс қалды. Қалыс қалу - бұл Мемлекет басшысының ұсынысына қайшы келмейтін ұстаным. Яғни, бас тарту премьер-министрдің кандидатурасына қарсы емес. Бұл тек қалыс қалу ғана, осылай ұғуымыз керек", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Асқар Мамин депутаттарға алғысын білдірді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer