ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 сентября 2020 | 17:33

"Баламыз емес, біз оқып жатқан сияқтымыз". Қазақстандық ата-аналар онлайн сабақтар туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық оқушылар онлайн оқуға көшкелі ата-аналар тарапынан көптеген шағым түсіп жатыр. Желіде білім берудің бұл форматы әлі күнге дейін қызу талқылануда. Ата-аналардың көбін бұл жүйе әуре-сарсаңға салып жатқан көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі қашықтан жұмыс істеп қана қоймай, балаларын оқытып жатқан ата-аналармен тілдесіп көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық оқушылар онлайн оқуға көшкелі ата-аналар тарапынан көптеген шағым түсіп жатыр. Желіде білім берудің бұл форматы әлі күнге дейін қызу талқылануда. Ата-аналардың көбін бұл жүйе әуре-сарсаңға салып жатқан көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі қашықтан жұмыс істеп қана қоймай, балаларын оқытып жатқан ата-аналармен тілдесіп көрді.

Алматылық Назира, 6-сынып оқушысының анасы:

Назира онлайн платформада оқудың кемшілігі көп екенін айтады.

"Қазіргі онлайн оқыту жүйесі туралы айтатын болсақ, мұны эмоциямен, тіпті сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл оқу емес, азап болды. Үйден оқып жатқанына 10 күн енді болды, бірақ баламыздан бұрын біздің есіміз шығып кететін шығар. Бізге ешқандай мұғалім онлайн платформамен қалай оқу керегін түсіндірген жоқ, тіпті мәтін түріндегі нұсқаулықты да жібермеді. Барлығын оқу барысында жасап жатырмыз - соның салдарынан сабақ 10 рет үзіліп, видеобайланысқа да оқушылар түгел шыға алмайды. Нәтижесінде мұғалім дұрыс сабақ өтпейді де, толтырып үй жұмысын беріп тастайды. Қай папкада қай сабақ екенін білмей, жұмбақ шешкендей болып отырамыз. Коронавирус емес, денсаулығымыз осыдан құритын шығар", - дейді Назира.

Елордалық Гүлмира, 3-сынып оқушысының анасы:

"Балалар емес, біз онлайн оқуға көшкен сияқтымыз. Интернет дұрыс жұмыс істеп тұрса, мұғалімдер кәдімгідей видеомен сабақ өтеді. Интернет сәл нашарлап кетсе, аудио түрінде түсіндіреді. Сабақ 30 минут, оның 15 минуты Интернетті қосумен өтеді де, бар-жоғы 10-15 минут толыққанды сабақ өтеді. Бірақ ол сирек кездесетін жағдай. Әзірше ноутбук алмадық, смарфтонмен оқып жүр. Баланың қасында отырмасам, оның ойы бөлінеді, сабақпен ісі болмай кетеді. Сондықтан жұмысым көбіне жайына қалып қалады. Тезірек осы мәселе шешілсе екен деймін", - дейді ата-ана.

Тараздық Жансая, 2 және 4-сынып оқушыларының анасы:

Жансая үйде екі бала бірдей уақытта онлайн сабаққа қатысуы керек болғандықтан қиындық көп болатынын айтады. 

"Маған екі баланың сабағын бақылау қиынға соғып жатыр. Оған қоса, екеуі де - бастауыш сынып оқушылары. Сабақтарды өткізіп алуға болмайды. Мәлімет өте көп, біреуінің үй тапсырмасын поштаға жіберу керек, ал екіншісі тапсырманы дәл қазір орындап, суретке түсіріп жіберуі қажет жағдайлар көп. Балаларға күні бойы компьютер алдында отырып, барлығын есте сақтау өте қиын, мүмкін емес деуге болады. Біз де күні бойы оларды бақылаумен жүреміз. Тамақ істеп ішетін уақыт та болмай қалады. Мектепті сағындық қой. Балам төрт жылда алғаш рет "мектепке барғым келеді" деп жүр", - дейді Жансая.

Алматылық Гүлжанат, төрт баласын қашықтан оқытып жатқан ана:

Алматы тұрғыны үйден онлайн оқыған бала өздігінен сабақ істеуден қалады дейді.

"Қашықтан оқыту форматы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы бар ата аналарға өте қиын. Өйткені бастауыш сыныптың баласы ноутбукты қосып оқудан бұрын, ZOOM-ға кіріп үйренбеген. Ол үшін қасында үнемі және міндетті түрде бір адам отыруы керек. Апай сабақ түсіндірген соң баланың онымен кері байланысқа шығуы қиын. Мұғалімге уақытында жауап беріп үлгермейді, түсінбейді де. Үй тапсырмасын орындап, оны жіберетін кезде де қасында адам отыруы қажет. Бірақ баланың қасында үнемі осылай отыра берсек, балада өздігінен оқып, талпынып, тырысу деген қалып қоятын сияқты. Себебі олар осындай форматқа үйреніп қалады. Жазып берсең жазады, жазып бермесең отыра береді", - дейді Гүлжанат.

Алматылық Әсел, 8-сынып оқушысының анасы:

"Шыны керек, қазіргі онлайн оқыту жүйесі еш ойластырылмаған. Тек сөзбен ғана. Мұғалімдер оқулықтардан түсініксіз материалдарды жібереді, бас-аяғы жоқ тапсырма береді. Түсіндірмейді. Сонда бала барлығын өзі түсініп, өзі оқып алуы керек пе? Әлде мен, анасы, барлық жұмысымызды тастап, күні бойы баламның қасында отырып, сабаққа қатысып, үй тапсырмасын орындауым керек пе? Біз де үй тапсырмасын суретке түсіріп, мұғалімге WhatsApp арқылы жібереміз. Мұғалім хабарламаны қалаған кезінде оқиды. Кері байланыс жоқ - оқушыға қандай баға қойылды, қандай қателер болды. Бұл онлайн оқу емес, бұл күні бойы ноутбук алдында отырып, өз бетінше сабақ оқу. Барлық бала өз бетінше түсініп, оқи алмайды", - дейді Әсел.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды. Министрдің айтуынша, дәл қазір тұмау мен коронавирус инфекциясына жол бермеу өте маңызды, сондықтан бірінші тоқсанда осы форматта оқи берген жөн.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer