ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 июля 2020 | 09:54

"Басты міндет". Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырсында премьер-министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімерге тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкімет отырсында премьер-министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімерге тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баяндамалардан байқанымыздай, эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтану деңгейіне шыққаны байқалады. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандар өсімі тәулігіне 2,1 пайызды құрайды, кейбір өңірде одан да аз. Мысалы, Шымкентте 1 пайыз, Қызылорда облысында - 0,9 пайыз, Түркістан облысында - 0,8 пайыз, Ақтөбе облысында - 0,5 пайыз. Қазіргі басты міндет - барлық өңірдегі ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету", - деді ол.

Асқар Мамин "Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, сапалы әрі қолжетімді толық көлемдегі медициналық көмекті, әсіресе ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету бойынша бірқатар шара қабылдауымыз қажет" дей келе, тапсырламарды жүктеді.

"Бірінші, Денсаулық сақтау, Индустрия министрлігі және әкімдіктер өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарымен қажеттіліктерге сәйкес қамтамасыз ету;

Екінші, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусты анықтайтын тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын. Әкімдіктерге анализдерді өңірлердің зертханаларына жеткізудің тиімді логистикасын пысықтауды тапсырамын;

Үшінші, Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігі шұғыл түрде өңірлерде көшпелі диагностика кешендерімен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін;

Төртінші, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге екі аптаның ішінде оттегі концентраторлар және медициналық газдарды өңірлерге толық көлемде жеткізуді қамтамасыз етсін;

Бесінші, "СҚ Фармация" осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін және дәрі-дәрмек жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын; Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақтөбе облысының үлгісімен барлық өңірде тұрақтандыру қорларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті запасы қалыптастырылсын;

Ералы Лұқпанұлы жалпы бақылау өзіңізде", - деді Үкімет басшысы.

Жағдай тұрақталып келеді - Алексей Цой елдегі коронавирус туралы

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын сатып алу үшін үкімет қорынан 7,2 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас аурудан айықты, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer