ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 сентября 2019 | 16:34

Батыр, инженер, ғашық қыз. Қазақстан қалалары кімнің есімімен аталған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда атауы адам есімімен аталған елді мекендер бар. Бірі батырдың құрметіне, ал тағы бірі қайғылы оқиғадан соң ғашық жастардың құрметіне қойылып жатады. Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай?" айдарында адам атымен аталған қалаларға тоқталады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда атауы адам есімімен аталған елді мекендер бар. Бірі батырдың құрметіне, ал тағы бірі қайғылы оқиғадан соң ғашық жастардың құрметіне қойылып жатады. Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай?" айдарында адам атымен аталған қалаларға тоқталады.

Құлсары батыр

Құлсары - Атырау облысындағы қала. Облыс орталығы Атыраудан 220 шақырым қашықтықта жатыр. Маңынан Ембі өзені ағып өтеді.

Қаланың негізі 1939 жылы мұнай мен газ өндірісіне байланысты қаланған.  Бірақ тек 2001 жылы ғана қала статусын алған. Биылғы дерек бойынша, Құлсарыда 60472 адам тұрады.

Елді мекеннің негізі қаланбас бұрын, XIX ғасырда сол маңда ел арасында беделді Құлсары батыр өмір сүрген екен. Есімі алыс-жақынға мәшһүр болған батыр әрі көріпкел сол жерде жерленген. Құлсары Тінекейұлы 1820-1900 жылдар арасында өмір сүрген. Ол туралы тарихи жазбалар қалмағанымен, ауызша әңгімелер көп тараған. Оның ел алдындағы беделінің арқасында қанды қақтығыстар тоқтатылған екен.

Сондықтан қаланың атауы Құлсары батырдың құрметіне қойылған.

Инженер Риддер

Риддер - Шығыс Қазақстан облысына қарайтын қала. Облыс орталығы Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 101 шақырым жерде жатыр, Үлбі өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан.

Қаланың негізі 1786 жылы қаланған. 1941 жылға дейін Риддер, ал 2002 жылға дейін Лениногорск деп аталған. Ал 1934 жылы қала статусын алған. 2018 жылғы дерек бойынша, Риддерде 48 мыңнан аса адам тұрады.


© time.kz

1786 жылы тау инженері Филипп Риддер басқарған геологиялық барлау тобы Үлбі өзенінің жоғарғы жағында полиметалл кен орнын тапқан. Кейін сол жерде Риддер деген кеніш құрылады. Тура 70 жылдан кейін қалада алғаш рет халық санағы болып, кент тұрғындары 3,5 мың адамға жеткен. 1941-2002 жылдар арасында қала атауы Лениногорск болған.

2002 жылы 22 маусымда "жергілікті өкілдер мен Шығыс Қазақстан облысының атқарушы органдарының пікірлері ескеріле отырып", Қазақстан Президентінің Жарлығымен қала атауы қайтадан Риддер болды.

Ғашық Балқаш

Балқаш - Қарағанды облысына кіретін қала. Балқаш көлінің солтүстік жағалауында орналасқан. Қарағанды қаласынан 380 шақырым жерде жатыр.

1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Ал алты жылдан соң қала статусын иеленген. Қалада қазір 79 мыңнан аса адам тұрады.

Бұл елді мекеннің атауы Балқаш көлінің құрметіне қойылған. Ал бұл көлдің неге бұлай аталуына қатысты ел аузында жүрген аңыз бар.

Көп ғасыр бұрын көлдің жағалауында байдың ауылы болған. Сол байдың Балқия атты сұлу қызы бар екен. Ақылына көркі сай қызды бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атапты.Балқаштың жасы 17-ге келгенде ол Ерден деген жас жігітке ғашық болады. Бірақ сұлу қыздың әкесі оны басқа біреумен атастырып қойғанына байланысты жас жұптың қосылуына қарсы болады. Сол кезде Балқия мен Ерден ыңғайлы уақытын күтіп, ауылдан қашып кетеді. Сөйтіп, екі ғашық қалың қамыстың ішіне келіп демалады.

Бірақ оларға қамыс ішінде жүрген қабандар шабуылдайды. Салдарынан Ерден ауыр жарақат алып, кейін көз жұмады. Балқия сүйіктісін сол жерде жерлеп, өзіне қол салмақ болғанда әкесінің адамдары іздеп табады. Сол кезде сүйіктісінен айырылған Балқаш көлге секіріп, су түбіне кетеді. Қайғылы оқиға сол маңдағы елге түгел жайылып, кейін 17 жастағы қыз қайтыс болған көлге ерке қызының атымен Балқаш деп ат қойған екен.

Оқи отырыңыздар: 

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.86  course down  545.51  course up  5.07  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer