ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 мая 2021 | 11:07

Бекшин Алматыдағы эпидахуалды айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Бекшиннің айтуынша, Алматы "қызыл" аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

"Мамыр айының соңғы аптасында эпидемиологиялық ахуал тұрақталды, сәуірде 700 жағдайдан тіркелген еді, көрсеткіш өткен тәулікте 290-300 жағдайға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 290 жағдай тіркелді, тәуліктік өсім айдың басындағы 1,2 пайыздан 0,4 пайызға дейін, яғни 3 есе төмендеді, ал сырқаттану деңгейі кейінгі 7 күнде 7,7 пайызға дейін түсті", - деді Бекшин.

Қалалық бас санитария дәрігерінің мәліметтері бойынша, симптоматикалық науқастардың қатары сиреп, симптомсыз ауырғандар көбейген.

"Симптоматикалық науқастардың көбеюі мамырдың ортасына қарай баяулады, айдың аяғында 98 пайыздан 88 пайызға дейін төмендеді.  Сонымен қатар, КВИ симптомсыз формаларын тіркеу 12 пайызға дейін өсті", - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды айтқан болатын. Сонымен қатар, Цой министрліктің елдегі эпиджағдайға қатысты үш түрлі болжамы барын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети