Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 мая 2021 10:00

Елімізде эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Үкімет отырысында министрліктің елдегі эпиджағдайға қатысты үш түрлі болжамы барын мәлімдеді.

"Жаппай вакциналауға байланысты министрліктің эпиджағдайға қатысты болжамы өзгерді. Пессимистік болжамға сәйкес, вакцинаның тиімділігі 60 пайызды көрсетсе, биыл маусым-қыркүйек аралығында COVID-19 жұқтырғандар саны шамамен 95 мыңға жетеді. Реалистік болжам бойынша, вакцинаның тиімділігі кемі 80 пайыз болса маусым-қыркүйек айлары аралығында коронавирус жұқтырғандар саны 69 мыңға жетеді. Оптимистік болжамға сүйенсек, тиімділік 95 пайызға жетсе, маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар көрсеткіші 61 мың адам болады", - деді министр.

Сонымен қатар, Алексей Цой бұл болжамдардың жүзеге асуы азаматтардың вакциналауға қатысты белсенділігімен тікелей байланысты болатынын айтты.

Айта кетейік, биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдағы эпидемиологиялық жағдайға болжам айтқан болатын. Ол кездегі пессимистік сценарий бойынша, карантиндік шектеу шаралары орындалмаса, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтың коронавирус жұқтыруы мүмкін делінді.

Еске салайық, бұған дейін министр Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды айтқан болатын. Цойдың мәліметтеріне сәйкес, елімізде коронавирустың таралуы айтарлықтай төмендеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети