"Бір тұрғын 16 адамға COVID-19 жұқтырды". Ахметов шығысқазақстандықтарға ескерту жасады

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бір тұрғын 16 адамға COVID-19 жұқтырды". Ахметов шығысқазақстандықтарға ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде коронавирус жұқтыру дерегі неге азаймай тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде коронавирус жұқтыру дерегі неге азаймай тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ахметов облыста 2 313 адам коронавирус жұқтырғанын, 1 122 науқас (48,5 пайыз) дертінен айыққанын, 82 адам өлімі тіркелгенін атап өтті.

"Мамырда ешкім маска таққан жоқ. Арақашықтықты сақтауды ұмытып кеттік. Жерлестеріміз той жасады. Олар шектеуге қарамастан түрлі шара өткізді", - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов карантин талабын сақтамай, той жасаған шығысқазақстандықтарды мысалға келтірді.

"Естеріңізге салайын. Семей қаласының тұрғыны туыстарына келген. Салдарынан 16 адамға коронавирус жұқтырды. Тағы бір апамыз немересінің туған күнін өткізген. Салдарынан 9 адам ауырды. Ондай мысалдар көп", - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі өңір тұрғындары карантин талабын қатаң сақтауы керек екенін атап өтті.

"Мұнда мәселе өзімізде болып тұр. Арақашықтықты сақтауымыз керек. Тәртіп болуы шарт. Дүниежүзі коронавирусты осы әдіспен жеңіп жатыр. Мысалы, Германияны алайық. Олардан үлгі алуға болады. Кішкентай Грузияның өзінде халық тәртіпке бағынып отыр. Тәртіп болуы керек", - деп түйіндеді сөзін Даниал Ахметов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 6
Астана 0
Актау 1
Актобе -2
Атырау 1
Б
Балхаш -2
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -1
Кокшетау -1
Костанай 2
Кызылорда -6
П
Павлодар -1
Петропавловск -2
С
Семей 6
Т
Талдыкорган 11
Тараз 11
Туркестан 0
У
Уральск -1
Усть-Каменогорск 12
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети