Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 16:41

ШҚО-да коронавирустан 22 адам, пневмониядан 51 адам қайтыс болған

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РБК Фото: РБК

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде 82 адам өлімі тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде 82 адам өлімі тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 2 313 адам коронавирус жұқтырған, ал 1 122 науқас (48,5 пайыз) дертінен айыққан. Алайда coronavirus2020.kz сайтының мәліметіне сәйкес, өңірде 377 науқас жазылған, 5 адам қауіпті індеттен қайтыс болған.

"Ал қалған 537 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр... Өңірде коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі тіркелгеннен бастап, 82 адам өлімі тіркелді. Оның ішінде 51 адам пневмониядан, 22 адам коронавирустан, 9 адам басқа аурудан қайтыс болды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51 059-ға жетті. 16 928 науқас дертінен айықты, 264 адам аурудан қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети