Елімізде дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Үкімет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға, дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеп қабылдағанын жеткізді.
"Дағдарысқа қарсы шаралардың пакеті, салық преференциялары мен жергілікті қолдауды қоспағанда, қосымша 5,9 триллион теңге. Оның 2,5 триллион теңгесі бюджеттік емес қаржыдан, 3,5 триллион теңгесі республикалық бюджет есебінен жүргізіледі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.
Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өтті.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. 27 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.