ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 февраля 2021 | 12:16

Депутат үш өңірде болған өртке кінәлі лауазымды тұлғаларды қатаң жазалауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Ольга Файзуллина/Tengrinews.kz Фото: © Ольга Файзуллина/Tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев Жаңатас, Қызылорда және Петропавлда болған өртке қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шара қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев Жаңатас, Қызылорда және Петропавлда болған өртке қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шара қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутат сауалды премьер-министр Асқар Маминге жолдады. 

"Біздің депутаттық сауал жолдауымызға өткен аптада адам өліміне әкеп соққан Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғалар себеп. Бұл жағдай бүкіл қазақстандықтың қайғысы. Өрт салдарынан нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған адамдарға депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. 

Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болуы қажет. Қашанғы біздің тұрғындарымыз оттың астында қала беруі керек? Ертеңгі күні мұндай жағдайға тап болмауымызға кім кепіл?" - деді Фахреддин Қаратаев Мәжілістің жалпы отырысында. 

Депутат болған оқиғалар бойынша түбегейлі шешуді талап ететін мәселе көп екенін көрсеткенін айтып, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы 5 баланың өмірін жалмаған өрт, 18 ақпанда Қызылорда қаласында өрттен бес бала зардап шегіп, алты айлық бала қаза тапқанын, 21 ақпанда Петропавлда болған өрттен екі адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жатқызылғанын еске салды. 

"Былтыр қыркүйекте тиісті өкілеттікпен, кадрмен қамтамасыз етілген Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Алайда оның атқарған жұмыстары әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді. 2020 жылдың тоғыз айында елімізде 9 мыңнан аса өрт болды, 228 адам қаза тапты, 217 адам жарақат алды. ТЖМ маусымдық дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Олардың мәліметіне сәйкес, барлық жұмыс аяқталып, кемшіліктерді жою бойынша нұсқаулықтар берілген. Алайда болған қайғылы оқиғалар істеліп жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екенін көрсетті. 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, сізден Төтенше жағдайлар министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлерге, әсіресе, "времянка-дачаларға", басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыс жүргізуді, Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шара қабылдап, бұл туралы БАҚ-қа ақпарат беруді, осындай жағдайлардың алдын алу жөніндегі ахуал ерекше бақылауға алынып, ТЖМ жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды, өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларын күшейту жөнінде жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз", - деді депутат.   

Еске салайық, 18 ақпанда Қызылорда қаласында үйлердің бірінде өрт шығып, алты айлық нәрестенің өмірін жалмады. 5 баланың анасы бір қызын терезеден шығарып үлгерген болатын. Ал 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. 21 ақпанда Петропавлдағы бұрынғы жатақхана ғимаратында өрт шығып, екі адам қаза тауып, үш адам реанимация бөліміне түскен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети