ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 октября 2019 | 14:04

Диграфтар, пернетақтаға сай емес әріптер. Латын әліпбиіне көшудегі басты проблемалар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Латын графикасына көшу барысында халық тарапынан сынға көп ұшыраған әріптер - диграф әріптер. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ-ның ғалым хатшысы Анар Фазылжан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Латын графикасына көшу барысында халық тарапынан сынға көп ұшыраған әріптер - диграф әріптер. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ-ның ғалым хатшысы Анар Фазылжан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анар Фазылжанның айтуынша, қазіргі уақытта орфографиялық комиссия осы мәселемен айналысып жатыр.

"Үлкен дау шығарып отырған әріптер - диграф әріптер, яғни бір дыбысқа салынған екі әріп. Біздің әліпбиімізде ондай екі әріп бар. Ол - ш (sh) және ч (сh) әріптері. Олар сауалнама барысында және халықпен пікір алмасу барысында көп сынға ұшырады. Әсіресе, мектеп оқушылары солай оқыған. Осындай тұстары бар. Енді и мен і-нің бас әрпінің ноқаты екеуінде де жоқ. Сондықтан Ine деп жазылған сөзді іне деп оқуы мүмкін. Немесе Іshik дегенді ишик деп оқу қаупі бар. Осындай қауіптердің алдын алу үшін біздің Президентіміз осыны байқап, әліпбиді реттеңіздер деп отыр", - деді Фазылжан брифинг барысында.

Сондай-ақ, брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Вице-министрдің айтуынша, латын әліпбиіне көшу барысында бірінші кезекте халықтың, ал екінші кезекте ғалымдар мен мамандардың пікірлері ескеріледі.

"Қазіргі уақытта пернетақтада кедергі келтіретін әріптер баршылық. Сондықтан енді қай әріптер өзгереді, қай әріптер қалады - комиссия қарайды. Сосын халық пікірі ескеріледі де қорытынды пікірге келеміз", - деді вице-министр.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мамандарына жаңа әліпбиді жетілдіру керектігін айтқан еді. "Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деген болатын Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети