ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 апреля 2020 | 16:34

"Екі рет жүрегі тоқтаған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Таяуда порталымызда Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған алғашқы тоғыз адам туралы мақала жарияланған еді. Бүгінде пандемиядан көз жұмған қазақстандықтардың саны 15-ке жетті. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырып қайтыс болған тағы алты адам туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда порталымызда Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған алғашқы тоғыз адам туралы мақала жарияланған еді. Бүгінде пандемиядан көз жұмған қазақстандықтардың саны 15-ке жетті. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырып қайтыс болған тағы алты адам туралы баяндайды.

2-сатыдағы қант диабеті болған

10 сәуірде кешке қарай Қазақстанда оныншы адамның қайтыс болғаны хабарланды. Науқас Алматыда көз жұмған. Оныншы қазақстандық - жергілікті қала тұрғынымен байланыста болған 1963 жылы туған науқас.

29 наурызда медициналық жедел жәрдем бригадасы оны "Екі жақты полисегментарлы пневмония" диагнозымен коронавирус инфекциясына талдау алынған стационарға жеткізген. 1 сәуірде науқастың жай-күйінің нашарлауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жедел тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және жіті бауыр жетіспеушілігінің дамуымен жағдайы үдемелі нашарлаған. Оның, сондай-ақ, 2-сатыдағы қант диабеті болған.

"Бүгін 10 сәуірде сағат 18:00-де полиоргандық жетіспеушіліктің үдеуі аясында жүрек қызметі тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Сағат 18:30-да биологиялық өлім тіркелді", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Түнде екі рет жүрегі тоқтаған

Қазақстанда коронавирустан 11-ші адам өлімі 13 сәуірде белгілі болды. Ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Бұл - аймақтағы вирустан алғашқы адам өлімі.

Науқас әйел 1979 жылы туған. Ауруханаға 12 сәуірде ауыр жағдайда жеткізілген. Коронавирусқа сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Науқастың коронавирустан бөлек бірқатар диагнозы болған.

Ауруханаға жеткізілген түні екі рет жүрегі тоқтап қалған. Бірақ жан сақтау бөлімінің қызметкерлері екі сәтте де науқасты реанимациялаған. Ал жүрегі үшінші рет тоқтаған кезде дәрігерлер әйелді құтқара алмаған.

Кейін оның шетелге шықпағаны белгілі болды. Әйел тұратын жерде дезинфекциялық шаралар жүргізілген.

Қарттар үйінің қамқорлығында болған

13 сәуірде тағы бір қазақстандық коронавирустан көз жұмды. Бұл жолы - Ақмола облысының тұрғыны. 1936 жылы дүниеге келген.

Науқас Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының, яғни, қарттар үйінің қамқорлығында болған.

5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде жатқан.

"9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ аппаратында болды. Диагнозы: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы", - делінген хабарламада.

Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.

Ауруханада екі күн жатқан

Кеше, 14 наурызда Қазақстанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланды. Оның бірі - Нұр-Сұлтан тұрғыны. Қайтыс болған науқас 1950 жылы туған.

11 сәуірде жедел-жәрдем қызметі арқылы провизорлық ауруханаға ауыр халде келіп түскен. Осыған орай жедел түрде жан сақтау бөліміне жатқызылған. Қосымша ауруларына байланысты артериялық гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы және 2011 жылы короналық шот жасалған.

"Науқастың жағдайы келіп түскеннен бастап ауыр болған. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілді. Алайда 2020 жылы 13 сәуірде қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды. Сонымен қатар, туысқандары арасында жақын байланыста болған адамдар коронавирусқа тексеріліп, үй жағдайында карантинге орналасты", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова "Хабар 24" арнасындағы онлайн-брифингте.

Жүк көлігінің жүргізушісі болған

Кеше коронавирустан көз жұмған екінші қазақстандық туралы да деректер шықты. Бұл - 1962 жылы туған ер адам. Ол Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылында тұрған.

Науқас 11 сәуірде Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған.

"Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосбір" бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жастағы ер адам инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ӨЖЖ аппаратына қосылған. Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған", - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ер адамның бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында реанимациялық бөлімде қайтыс болғаны айтылады. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Дәрігерлерге жүгінбей, өзі емделген

Ал бүгін тағы бір қазақстандықтың көз жұмғаны белгілі болды. Бұл - Қазақстандағы 15, Қостанай облысындағы алғашқы дерек.

Қайтыс болған азамат 1945 жылы туған. Ол 12 сәуірде жедел жәрдеммен Жітіқара ауруханасына дене қызуы көтеріліп, әлсіздік және тыныс алуы нашарлау белгілерімен жеткізілген. Ауруханаға жатқызған кезде жағдайы орташа ауыр дәрежеде болыпты.

Науқастың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде білінген. Науқас дәрігерлерге жүгінбей, өзі емделген. Жітіқара қаласының аумағынан шықпаған. Лабораториялық тексеруден кейін одан COVID-19 расталған.

"14 сәуірде сағат 18.30-да 1945 жылы туған науқастың жағдайы күрт нашарлады. Дене қызуы 39 градустан асты. Бүгін таңертең өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жүрегі тоқтағаннан кейін реанимация жасалды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең 8.30-да науқас қайтыс болды. Қатынас жасаған тұлғалар анықталып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer