Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 апреля 2020 11:36

"Өз бетімен емделген". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кеше Қазақстанда короанвирустан 26-шы адам қайтыс болғаны хабарланған, кейін оның COVID-19-тен көз жұмбағаны анықталды. Осылайша, елімізде коронавирустың құрбаны - 25 адам. Порталымызда бұған дейін пандемиядан көз жұмған қазақстандықтар туралы материалдар шыққан еді. Tengrinews.kz тілшісі бұл жолы коронавирустан қайтыс болған соңғы бес қазақстандық туралы баяндайды.


Кеше Қазақстанда короанвирустан 26-шы адам қайтыс болғаны хабарланған, кейін оның COVID-19-тен көз жұмбағаны анықталды. Осылайша, елімізде коронавирустың құрбаны - 25 адам. Порталымызда бұған дейін пандемиядан көз жұмған қазақстандықтар туралы материалдар шыққан еді. Tengrinews.kz тілшісі бұл жолы коронавирустан қайтыс болған соңғы бес қазақстандық туралы баяндайды.

Коронавирустан бөлек созылмалы аурулары болған

24 сәуірде Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмғаны хабарланды. Бұл COVID-19-дан қаладағы төртінші өлім болатын. Қайтыс болған әйел адамның 1968 жылғы екені белгілі болды. Ол Абай ауданында тұрған.

20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

"Ауруханаға түскен кезде науқастың ауыр жағдайына байланысты тыныс алдыру аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шарасы жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

"Пойызбен құдалыққа барған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Өз бетімен емделген

Сол күні Алматыда бір әйелдің COVID-19 жұқтырып көз жұмғаны белгілі болды. 1957 жылғы алматылық 23 сәуірде өз үйінде қайтыс болған.

Жұбайының айтуынша, бір апта бойы жөтелген және дене қызуы көтерілген. Учаскелік дәрігерге хабарласпаған екен. Үйде өз бетімен ем қабылдапты. Кеше кешке кенеттен тұншығып, есінен танған.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған. Әйел дәлігерлер жеткенше көз жұмды. Коронавирусқа жасалған талдау нәтижесі оң болды. Алматыда барлығы COVID-19-дан жеті өлім тіркелді", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Коронавируспен 12 күн күрескен

24 сәуірде түсте тағы екі қазақстандықтың коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды. Олардың бірі - 1945 жылы туған Алматы тұрғыны. Ол ауруханаға 12 сәуірде жатып, коронавируспен 12 күн бойы күрескен.

"Алматыда 1945 жылғы коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Пациент 12 сәуірде COVID-19 диагнозымен инфекциялық стационарға жатқызылған болатын", - делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарламада.

Оның ЖИА, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екі жақты пневмония сияқты қосымша аурулары болған.

"Диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша коронавирусқа қарсы ем алды. Стационарда өте ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратында болды. Бұл жалпы алғанда Алматыдағы 8-ші өлім", - делінген хабарламада.

"Екі рет жүрегі тоқтаған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайы ауырлаған

Ал Нұр-Сұлтанда 1954 жылы дүниеге келген науқас COVID-19-дан көз жұмды. Оны жедел жәрдем бригадасы 15 сәуірде ауруханаға жеткізген.

Ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайы ауырлаған, артынша ӨЖЖ бөліміне жатқызылған. Екі жақты полесегментальді пневмониямен қиындаған коронавирус инфекциясы анықталған.

Ауруханаға жеткізілгеннен кейін науқастың жағдайы нашарлай бастаған, оған коронавирустан басқа да диагноздары әсер еткен: созылмалы обструктивті өкпе ауруы, қант диабеті, созылмалы панкреатит.

"Ол коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамаға сәйкес ем алды, күн сайын салалы мамандар консилиум өткізді. Интенсив терапияға қарамастан, көптеген мүше жұмысының бұзылу белгілері артты. 24 сәуірде таңғы сағат 10:40-та жүрегі тоқтады", - делінген хабарламада.

40 жасында COVID-19 құрбаны болған

24 сәуірде кешкілік Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болғаны хабарланды. Бұл Қазақстанда COVID-19-дан 25-ші адам өлімі болатын.

Қайтыс болған науқас 1980 жылы дүниеге келген. Ол Мұнайлы ауданы Батыр ауылында тұрған.

"Ер адам 20 сәуірде дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған соң жедел көмекке жүгінген. Рентген тапсырып, пневмония анықталды. Ол жедел жәрдемге жүгінгенге дейін бір апта өзін нашар сезініпті. Айта кетейік, ер адам екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсетті. Ол өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласын өңдейтін дезинфекторлар тобында болған", - деді аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов.

Оның айтуынша, қайтыс болған ер адамның отбасы бар, 5 баланың әкесі. Артынша әскери қызметкердің екі баласынан COVID-19 анықталды.

"Алты күн күрескен". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети