ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июля 2021 | 10:29

Екінші Марс, тосын жағдай, зираттағы оқиға. Журналист елді автостоппен бір айда араламақ

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Санат Илиястың жеке мұрағатынан Санат Илиястың жеке мұрағатынан

Жетінші арнадағы "Оян, Qazaqstan" бағдарламасының тілшісі Санат Ілияс автостоппен Марқакөлден Каспийге дейін бір ай ішінде жетпек. Жолаушының айтуынша, оның мақсаты - 100 адаммен танысу, итбалықпен суретке түсу, жан аяғы баспаған сұлу табиғатты көрсету және мүмкін болса, болашақ жарын кездестіру. Tengrinews.kz тілшісі Санат Ілиястың саяхаты қай өңірден, қалай басталғанын, жолдағы қызықты оқиғалары мен алдағы маршрутын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жетінші арнадағы "Оян, Qazaqstan" бағдарламасының тілшісі Санат Ілияс автостоппен Марқакөлден Каспийге дейін бір ай ішінде жетпек. Жолаушының айтуынша, оның мақсаты - 100 адаммен танысу, итбалықпен суретке түсу, жан аяғы баспаған сұлу табиғатты көрсету және мүмкін болса, болашақ жарын кездестіру. Tengrinews.kz тілшісі Санат Ілиястың саяхаты қай өңірден, қалай басталғанын, жолдағы қызықты оқиғалары мен алдағы маршрутын баяндайды. 

Санат бұл саяхатын одан да қызықты ету үшін өзіне бір күндік лимит қойды, осы уақытта ол күніне 2 мың теңге ғана жұмсауы керек. 

Журналист 30 күндік бұл жолға өте тиянақты дайындалды. Біріншіден - Қазақстанның кең байтақ даласынан шынайы әрі әдемі кадрлар түсіру үшін өзімен алып жүретін техникасын жабдықтап алды. Екіншіден - жолда қиналмауы үшін телеарнадағы әріптестері шашын тақырлап алып берді. Ал үшіншіден, әрине, алдағы 30 күнде ауа райы қалай құбылатыны белгісіз, керек-жарағы мен киім-кешегін дайындады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Осылайша "жалғыз жолаушы" шығысқа - Марқакөлге қарай бет алды. Санат Ілияс жолда түсірген видеоларын Жетінші арнадағы "Оян, Qazaqstan" бағдарламасының Instagram-дағы парақшасында жүктеп отырады. Ол жердегі кадрлардан оның Тайынты, Күршім сияқты ғажап ауылдардан өткенін көруге болады. Санат Марқакөлге жету үшін алдымен Күршімге жетіп алады. Ең қызығы, онда ауылдан 80 шақырым жерде екінші Марс бар екенін біледі. Бұл Қиын Керіш деп аталатын жер. Жергілікті тұрғындар оны "Елестер мекені" деп те атайды-мыс. Журналистің саяхаты дәл осы жерден басталады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Санат Марқакөлге бару үшін енді Қалжырға жол-жөнекей жетіп алады. Онда ауа райы күндізгі 11.00-ден 21.00-ге дейін 25 градустан жоғары екен, оған қоса шыбын-шіркей көп болғаны сонша, қалың киінуге мәжбүр болған. 

Одан ары тағы 2-3 көлікке отырып Санат Марқакөлге жақын маңдағы тауларға жетеді. 

"Мына көріністі көріп, еңбегімнің зая кетпегенін түсіндім. Дәл қазіргі көңіл күйімді ешқандай алтынға ауыстырмас едім", - дейді ол.

Осы Ақжайлауда ол тосын жағдайға тап болады. Оның шатыр құрып, түнейін деп жатқан жері зират болып шықты. Бұл туралы оған жергілікті тұрғын келіп айтқан. Абырой болғанда сол жерде танысқан Диана есімді қыздың ата-анасы үйіне кіргізіп, түнеуге рұқсат береді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Төртінші күні Санат ақыры Марқакөл табиғи қорығына жетеді. Оның айтуынша, суы тап таза, мөлдір, құмы жұмсақ, табиғаты әсем. Алайда суға түсуге, балық аулауға болмайды. Ал келушілер некен-саяқ. 

"Марқакөлде демалғыңыз келсе, жеке көлікпен баруға кеңес беремін. Ал Өскеменнен такси жалдау құны - 50 мың теңге. Демалыс үйлері де бар. Адам басына кемі 2000 теңге.

Менің ойымша, Марқакөл дарынды, талантты бала сияқты. Барлығы бар, табиғат, орман, су, көл, әдемілік. Бір ғана нәрсе жетіспейді, бұл - қолдау. Көңіл бөлінсе, туристік орталыққа айналады. Мен оған сенемін", - дейді ол. 

ШҚО, Зайсан

Келесі бағыт - Зайсан қаласы. Оған да жеткізетін көлік сәтімен табылады. Санат екі жарым сағатта діттеген жеріне жетеді. Ал қалаға кіреберісте оны Жетінші арнадағы "Оян, Qazaqstan" көрермендері күтіп алады. Олармен бірге алдымен Зайсанның табиғатын, Сауыр тауларын тамашалайды, кейін отқа қақталған балықтың дәмін татады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ең дәмді балықтар - Зайсанда. 

ШҚО, Сауыр таулары 

Санат Ілияс саяхатқа стереотиптерді жою үшін шыққанын айтады. 

"Қазір адамдарда мейірім жоқ, сананы тұрмыс, қаржы билеген заман дейді. Мен осы стереотиптерді жою үшін саяхатқа шықтым. Осы уақытқа дейін жолыма бір тиын төлегем жоқ. Барлығы адамдардың көмегімен. Осы арқылы мен әлі де мейірімділік бар екенін көрсеткім келеді. Саяхаттау - жаңа дүниені тану, жаңа достар табу, жаңа көзқарас қалыптастыру", - дейді ол.

Оның айтуынша, қазір 2000 теңгені жеткізу емес, жұмсау қиын болып жатыр. Себебі көбі оны жұмсауға мүмкіндік те бермейді. 

"Бір күн... Адамды бауыр қылатын да, жат қылатын да сол бір тәулік. Менің қазір кезіктірген адамдарымның бәрі күндік таныстықпен шектеледі. Олармен алдағы өмірімде қайтадан көрісем бе, жоқ па, бір Аллаға аян. Бірақ сол адамдарға бауыр басып қаламын", - деп ішіндегісін бөлісті Санат. 

Ол Лепсі тауларында болған тағы бір қызық оқиғасын әңгімеледі. 

"Жаңбыр жауып көлігіміз балшыққа батып қалды. Сол жердің Фархат деген тұрғыны бізге көмектесіп, қонаққа шақырды. Сөйтсек Жоңғар Алатауының ортасында оның омарта шаруашылығы бар екен. Сол жерден таза балдың дәмін таттық, балдан жасалған сусын іштік. Өте көңілді кездесу болды. Тауда тұратын Фархат пен елордалық менің басымды осы саяхат біріктірді", - дейді Санат. 

Жігіттің сөзінше, ол әр бағдарламада міндетті түрде суды көрсетеді. Оған себеп бар.

"Су ішіп, жуынып не түсіп жатасың. Бәрінен бұрын судың қадірін ерекше түсіндіретін саяхат", - дейді ол.

Алматы облысы, Үшарал ауданы

Санат күнінің жартысы жолда тұрумен немесе жүрумен өтетінін айтты. "Креслода жатып әбден үйреніп алдым", - деп күледі ол. 

Қазір Санат Талдықорғаннан Алматыға жетті. Ендігі локация Көлсай, Түлкібас, Шардара, Түркістан, Арал, Бейнеу, Ақтау, Итбалықтар аралы.

Айта кетейік, Жетінші арнада "Оян, Qazaqstan" бағдарламасы ашылғанын жазған едік. Жүргізушілер әр жұмыс күні сағат 7.00-ден көрерменін күтеді. "Оян, Qazaqstan" бағдарламасында көрерменді спорттық жаттығулардан, йогадан, тарихтан, мәдениеттен, бас-аспаз кеңестері мен лайфхактардан бастап бизнес пен экстримге дейінгі танымдық айдарларымен әртүрлі тақырыптар күтіп тұр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer