ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 сентября 2020 | 17:47

Ертең Алматыда тұмауға қарсы жаппай егу басталады - Бекшин

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ttelegraf.ru Фото: ttelegraf.ru

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ертең, 15 қыркүйекте тұмауға қарсы жаппай егу басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ертең, 15 қыркүйекте тұмауға қарсы жаппай егу басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең тұмауға қарсы жаппай егу басталады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дайындық жұмыстарын жүргізді. Мысалы, былтыр әлеуметтік осал топтар үшін тұмауға қарсы екпенің 100 мың дозасы алынды. Ал биыл екпенің 130 мың дозасын сатып алдық. Сондай-ақ, біз коронавирус инфекциясына байланысты тағы қосымша тұмауға қарсы екпенің 300 мың дозасын сатып алмақшымыз. Ол қараша айында келеді", - дейді ол қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 Бекшиннің айтуынша, биыл тұмауға қарсы екпенің дозасы 4 есе артқан.

"Вакцинаның көлемін 4 есе көбейттік. Тұмауға қарсы екпенің бағасы шамамен 2500-4500 теңге. Бұл коронавирустың жаңа толқынына дайындық деп айтуға болады", - дейді қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері екпені алу неге маңызды екенін түсіндірді.

"Биыл біз тұмауға қарсы жаппай егуді ерте бастадық. Осыған дейін бұл жұмысты қазанның басында жүргізетін едік. Осы жылы екпе салуды 2-3 апта бұрын бастап отырмыз. Неге? Себебі, коронавирустың алдын алуымыз керек. Яғни COVID-19-ға дайын болуымыз қажет. Егер біз екпені тезірек алсақ, иммунитетті де ертерек аламыз. Осылайша, өзімізді қауіпті инфекциясының бірінен қорғаймыз", - дейді Бекшин.

Дәрігер тұмаудан қалай сақтану керегін айтты

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Алматыда 14 322 адам коронавирус жұқтырды. 13 925 науқас жазылды, 269 

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. 100 627 науқас дертінен айықты, 1 671 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer