Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 сентября 2020 12:59

Дәрігер тұмаудан қалай сақтану керегін айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы №2 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова қазақстандықтарға тұмаудан қалай сақтану керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы №2 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова қазақстандықтарға тұмаудан қалай сақтану керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер алда тұмау маусымы келе жатқанын атап өтіп, тұрғындарға кеңес берді.

"Тұрғындар адам көп жинаталын орындарға бармағаны жөн. Мен тұмауға қарсы екпе алуға шақырамын. Сондай-ақ, тоңып қалмаңыздар, қолды жиі сабындап жуып жүріңіздер. Егер жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілері байқалса, бірден емханаға барып, дәрігерге қаралыңыз", - деді Нұрия Қалмұратова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы жылдың күз, қыс және алдағы жылдың көктемінде тұмау және тағы басқа аурулар өршуі ықтимал.

"Тұмаудан бөлек, бактериалдық инфекция, пневмония деректері көбеюі мүмкін. Сондай-ақ, елімізде коронавирустың екінші толқыны болуы ықтимал деген қауіп те бар. Оның салдарын болжау мүмкін емес. Сондықтан COVID-19 вирусын өршітіп жібермеу үшін тұмауға қарсы екпені алу өте маңызды болып отыр. Бүгінде емханамызда екпе алу басталды", - деді дәрігер.

Сондай-ақ, Нұрия Қалмұратова тұмаумен ауру қаупі жоғары топтағы адамдарға тоқталып, олар тегін екпе ала алатынын атап өтті.

"Бұл - 18 жасқа дейінгі жиі ауыратын, созылмалы аурулары бар балалар, жүктіліктің 2-3 аптасындағы әйелдер, 60 жастан асқан адамдар, қарттар үйіндегілер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек үйіндегілер және медицина қызметкерлері", - деді маман. 

20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдай ма?

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. 100 627 науқас дертінен айықты, 1 671 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети