ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 апреля 2019 | 16:59

Жылына осындай 2-3 жағдай тіркеледі - Жаңа туған сәбиге күрделі ота жасаған дәрігер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда туа біткен алып ісікпен өмірге келген сәби туралы жаңалық қазақстандықтарды алаңдатпай қоймағаны анық. Заман қанша дамыса да, ауру түрлері көбейіп барады. Жалпы дүниеге сау баланы алып келудің басты жолы - дер кезінде тексерілуден өту. Осы жағдайға байланысты Тengrinews.kz тілшісі мұндай ота елімізде қаншалықты жиі жасалады, ота ақылы ма, гематоманың бұлай үлкейіп кетуіне не себеп деген сұрақтардың жауабын іздеді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда туа біткен алып ісікпен өмірге келген сәби туралы жаңалық қазақстандықтарды алаңдатпай қоймағаны анық. Заман қанша дамыса да, ауру түрлері көбейіп барады. Жалпы дүниеге сау баланы алып келудің басты жолы - дер кезінде тексерілуден өту. Осы жағдайға байланысты Тengrinews.kz тілшісі мұндай ота елімізде қаншалықты жиі жасалады, ота ақылы ма, гематоманың бұлай үлкейіп кетуіне не себеп деген сұрақтардың жауабын іздеді. 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жоғары санатты дәрігері, хирург-неонатолог Владимир Литоштың айтуынша, бұл патология туа біткен даму ақауына жатады. 

"Бұл ісік ұрық жасушаларынан болған және сегізкөз-құйымшақ аймағында орналасқан аралас құрылым. Ісік барлық үш ұрық жапырақшаларының туындыларын қамтиды. Ісік қатерсіз де, қатерлі де болуы мүмкін. Сегізкөз-құйымшақ тератомасы жасушасының жетілу деңгейі өзгеше болуы мүмкін. Қатерсіз неоплазия қатерліге қарағанда жиі кездеседі. Әртекті құрылымы бар ауырсынусыз түйіннен тұрады. Тік ішектің жылжып кетуіне, несеп шығару жүйесі дамуы мен жамбас сүйегінің бұзылуына, несеп шығарудың қиындап және ішектің бітелуіне себеп болуы мүмкін", - дейді Владимир Литош.

Дәрігердің айтуынша, бұл ауру түрі 35 мың баланың бірінде кездеседі екен. 

"Ірі сегізкөз-құйымшақ тератомасы жүрек-қан тамырының жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін, ұрықтың жатыр ішінде өлуіне, шала тууына, туа біткен даму ақауына, босану кезінде немесе ерте постнатальдық кезеңде асқыну мен өлімге себеп болуы мүмкін. Ісіктің кездесу жиілігі 35 мың балаға шаққанда бір жағдайда кездеседі. Қыз балалар ұлдарға қарағанда 3-4 есе жиі зардап шегеді. Біздің клиникада туа біткен даму ақауымен келіп түскен нәрестелердің ішінде сегізкөз-құйымшақ аймағының тератомасымен кездесетіні орташа алғанда жылына 3-тен 2 жағдайға дейін", - дейді дәрігер. 

Хирург-неонатолог Владимир Литош ісіктің нақты неден пайда болғаны әзірге белгісіз екенін айтады.

Тератома бірнеше факторлар себебінен болуы мүмкін: "Жүкті кезінде ананың жұқпалы аурулармен ауырғандығынан, тұқым қуалау бейімділігі себебінен. Бұл патология көп жағдайда жақын туысқандарында, оның ішінде бірдей егізде кездескендігінен тұқым қуалайтын ауруларға жатқызуға болатыны медицинада дәлелденген. Сегізкөз-құйымшақ тератомасының тіні көбіне жетілген жасушалардан тұруы, әр түрлі мөлшердегі жетілмеген жасушаларды немесе басым бөлігі жетілмеген герминтатив жасушаларды қамтуы мүмкін. Жетілмеген тератомалар агрессив өсуге, лимфоген және метастаз ретінде таралу қабілеті бар. Жетілмеген эмбрион ұлпаларының бар болуына байланысты осы типтегі барлық қатерсіз неоплазияның қатерліге айналу қаупі бар".

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметінің жетекшісі Назира Жұмақұлова кеше ғана ота жасалған сәбидің ата-анасы Алматы қаласында тұратынын және бұл олардың бірінші сәбиі екенін айтады.

"Iсіктің көлемі аса үлкен, салмағы - 1028 грамм. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын, тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған. Еліміздегі мемлекеттік емдеу мекемелерінде барлық ота тегін жасалады. Біз де сондай мекеме болғандықтан, Педиатрия орталығындағы операциялардың барлығы тегін жасалады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында балалар тегін қаралып, портал арқылы келіп жатады", - дейді Назира Жұмақұлова.


© Суреттер Педиатрия орталығы баспасөз қызметінен

Еске салайық, Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі ота жасаған болатын. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден аса ісікті алып тастаған еді.

Мамандардың айтуынша, жаңа туған балалардағы ісіктерді оператив алып тастау толық жазылуға кепілдік береді. Жаңа туған сәби үш тәуліктен соң жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алып жатыр. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer