ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 ноября 2021 | 14:26

"Жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиын". Қазақстан заңына қандай өзгерістер керек?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Anete Lusina / Pexels Фото: Anete Lusina / Pexels

Жыныстық бопсалау немесе харассмент - жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Мұндай әрекеттер үшін заңда жаза қарастырылған. Десе де ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойраттың сөзінше, жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соғады, сондықтан Қазақстанға жаңа заң қажет. Tengrinews.kz тілшісі маманнан харассмент үшін қолданылатынын жаза туралы, оны қалай дәлелдеу керегін және заңға қандай өзгерістер керегін сұрады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жыныстық бопсалау немесе харассмент - жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Мұндай әрекеттер үшін заңда жаза қарастырылған. Десе де ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойраттың сөзінше, жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соғады, сондықтан Қазақстанға жаңа заң қажет. Tengrinews.kz тілшісі маманнан харассмент үшін қолданылатынын жаза туралы, оны қалай дәлелдеу керегін және заңға қандай өзгерістер керегін сұрады.  

Айта кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz порталында харассмент деген не, одан қалай қорғанып, жауап беру керегі туралы мақала шыққан болатын.

Заңда "харассмент" ұғымы жоқ. Ендеше харассмент қалай жазаланады? 

Ағылшын тілінде "харассмент" жыныстық бопсалаудан бөлек қарастырылады. Өйткені ол қырындау ғана емес, одан бөлек дініне, ұлтына, жасына не жынысына қатысты әрекеттер де кіреді. Аяжан Ойраттың айтуынша, сексуалды харассмент - жыныстық бопсалаудың баламасы. Сондықтан стратегиялық тұрғыда харассмент пен сексуалды харассменті ажыратып отыру керек.

"Жыныстық бопсалау немесе харассмент - жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Терминді тарқатсақ, ол - адамның намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, құқын бұзу және кемсіту дегенді білдіреді. Жиі кездесетіні - жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу", - дейді ол.

Мұндай заңсыздыққа барғандарды бірнеше бап бойынша жауапқа тартуға болады:

  1. Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша адамды бопсалау, адамды сексуалды қарым қатынасқа мәжбүрлеу (бірақ зорлау жеке бап);
  2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы. Бұған жеке тұлғаларды қорлап тиіскен жағдайлар жатады;
  3. 2020 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ішіне 80-1 және 409-бап қосылды. Онда медицина, фармацевтика қызметкерлеріне және оқытушыларға қатысты лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеу, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсету, лайықсыз мінез-құлық жасау, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік танытуға тыйым салынған;
  4. Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша адамды қорлау.

"Осы баптар бойынша жыныстық бопсалаудың бірнеше формасына тыйым салынған және әр түрлі жағдайға байланысты жаза ретінде айыппұлдан адамды бас бостандығынан айыруға дейін қолданылуы мүмкін", - дейді маман.

Жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соғады

Алайда Аяжан Ойрат Қазақстан заңнамасы жетілмеген және халықаралық стандарттарға сай келмейтінін айтып отыр. Себебі жыныстық бопсалаудың көп формасы заңнамада қамтылмаған әрі ондай оқиғалармен құқық қорғау органдары жұмыс істеуге үйретілмеген.

"Жыныстық бопсалау формаларының түрлілігіне байланысты, кез келген әрекет үшін агрессорды жазаға тарту мүмкін емес. Себебі жыныстық бопсалау жұмыс орнында болса және заңнамамен тыйым салынбаса ол бөлек проблема. Ал заң арқылы нақты қылмыстық (немесе әкімшлік құқық бұзушылыққа жататын) әрекеттер бойынша жауапкершілікке тартқыңыз келсе дәлелдер болуы керек. Аудио, видео жазбалар, сұхбат (скриндері) көшірмелері, не куәгерлер болуы керек. Жалпы жыныстық бопсалауды дәлелдеу қиынға соққандықтан адвокат көмегіне жүгінген жөн", - дейді ол.

Қанда жағдайларда жәбірленуші агрессорды сотқа бере алады? Ха­лықаралық заңгер үш жағдайды мысалға келтірді.

"Бастық қызметкерін жыныстық қатынасқа түспесең, жұмыстан шығарамын деп қорқытып мәжбүрлесе. Бұл - ҚК 123-бабы. Былапыт сөйлеп, қорласа - ҚК 131-бабы. Қоғамдық орындарда денеңізді ұстап, мазаңызды алса, ұятсыз сөйлесе - ӘҚБтК Ұсақ бұзақылық бабы", - дейді Аяжан Ойрат.

Шет елдерде харассмент қалай жазаланады?

"Шет елдерде жалпы дискриминациямен күресу жайлы заңдар бар және ол еңбек кодексі секілді құжаттарында тыйым салынған. Одан тыс жыныстық бопсалау азаматтық және қылмыстық заңнама арасында ажыратылған", - дейді маман.

Мысалы Канада биыл "C-65"‎ деп аталатын харассмент пен қудалауға қарсы федералды заң жобасын қабылдады. Ол жұмысшыны да, жұмыс берушіні де қолайды. "C-65"‎ харассмент пен қудалауға "сексуал сипаттағы іс-әрекетті қоса алғанда адамды қорлайтын, арына тиетін немесе физикалық, психологиялық травмаға, ауруға әкеп соғатын кез келген әрекет, қылық немесе комментарий"‎ деген анықтама береді. 

Оңтүстік Корея да 2019 жылы жұмыс орнындағы жыныстық бопсалау мен кемсіту, қорлау сынды іс-әрекетті болдырмау үшін нұсқаулық жариялады. Құжатта жұмыстағы қысым көрсету әрекеттерін анықтау критерийлері көрсетілген. Қабылданып жатқан шаралар жеткілікті деңгейде тиімді емес деген сынға ұшырап жатса да, заңгердің сөзінше, мұндай нұсқаулықтар жұмыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында теңдессіз қадам.

"Қазақстанға жаңа заң қажет"

Адам құқығын қорғаушы заңгерлер мен белсенділер Қазақстанда жыныстық қысым көрсетудің жолын кесу үшін жаңа заң қажет екенін айтып жүр. Аяжан Ойраттың сөзінше, елімізде ха­рассментке заңмен тыйым салынса, зорлық-зомбылықтың ал­дын алуға болады. Ол үкіметте әзірге 2022 жылға арналған заң жобалары жоспары шықпағанын айтты. Десе де заңгер келесі жылы бұл бастама қарастырылады деп үміттенеді. 

"Қазақстанға жаңа заң қажет. Ол заң жалпы кемсітуге (дискриминация) тыйым салып, жаңа терминдерді енгізеді. Қазіргі таңда жай ғана бір бап енгізу жеткіліксіз: толыққанды реформа керек. Аталған реформа Еңбек кодексіне де өзертулер енгізуді талап етеді.

Еңбек кодексінде қазір кемсітудің халықаралық құқыққа сәйкес келетін анықтамасы жоқ. Сәйкесінше, жұмыс берушілерді кемсіту, оның ішінде жыныстық бопсалау, болған жағдайларға қатысты іс-шаралар қолданбағаны үшін жауапқа тарту мүмкін емес. Мәселен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 90-бабы жұмыс берушінің кемсітуге жол беруін шектеулі түсіндіреді: "Еңбек саласында жұмыскердің бірдей еңбек үшін бірдей ақы алу, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілік".

Содан соң, ҚР ЕК 52-бабы яғни еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздеріне тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтарды жатқызады. Алайда бұл ереже түсініксіз, моральға қайшы әрекеттерді қалай және кім анықтайтыны белгісіз. Бұл бапты да халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру керек", - дейді заңгер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer