04 ноября 2021 | 16:27

Харассмент не жыныстық боп­салау әрекеттеріне қалай жауап беру керек?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Karolina Grabowska: Pexels © Karolina Grabowska: Pexels

Харассмент - жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі, оны жыныстық бопсалау деп те айтады. Бұл әдетте үнсіз жабылатын тақырыптардың бірі. Себебі жәбірленуші қоғам сынынан, не жұмыстан шығып қалудан, күлкіге қалудан қорқады, ал бірі жай ғана қалай әрекет етерін білмейді. Ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойрат Tengrinews.kz тілшісіне харассменттен қалай қорғанып, жауап беру керегін айтты. 


Харассмент - жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі, оны жыныстық бопсалау деп те айтады. Бұл әдетте үнсіз жабылатын тақырыптардың бірі. Себебі жәбірленуші қоғам сынынан, не жұмыстан шығып қалудан, күлкіге қалудан қорқады, ал бірі жай ғана қалай әрекет етерін білмейді. Ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойрат Tengrinews.kz тілшісіне харассменттен қалай қорғанып, жауап беру керегін айтты. 

Харассмент - адамның намысы мен қадір-қа­сиетіне қол сұғып, құқын бұзу және кемсіту, жыныстық қатынасқа тү­суге шақыру. Оған не жатады? Біреу де­неңізге рұқсатсыз қол тигізсе, құшақтаса, иіскеп, сүйсе, шымшыса - бұл харассмент. Сек­суалдық сипаттағы басқа да ауыз­ша өтініштер, әзіл, кеміту де харассмент. Оған көшеде біреу ысқыруы, ерсі ишарат жасауы да жатады.  

Жұ­мыс­­та басшы кешкі асқа ша­қырып қырындаса, жыныстық қа­тынасқа түсуге шақырса, бас тартқан жағдайда қорқытса, "жыныстық боп­салау" саналады. Порнография не жыныстық мүшелердің бейнесін бөлісу де - харассмент. 

Кез келген адам жасы мен жынысына, отбасы, әлеуметтік жағдайына қарамастан харассмент құрбаны бола алады. Аяжан Ойрат харассментке қалай жауап беру керегін айтып берді. Алайда бұл кеңестер виктимблейминг емес, яғни жәбірленуші агрессордың қылығына кінәлі емес екенін ескертті. Агрессор адамның қадір-қасиетіне өз қалауымен қол сұғады.

Жұмыстағы жыныстық боп­салау

Әріптесің қырындап жатса, бұл сізге ұнамаса, оған мұны айтудың бірнеше жолы бар екен. Маман мына сөз тіркестерін есте сақтауға кеңес берді: "Мен ұжымдағы достық қарым-қатынасты бағалаймын, бірақ маған бұл "әрекетіңіз" ұнамайды, сондықтан доғарыңыз".

Немесе: "Мен мұнда жұмыс істеуге келдім, романтикалық қарым-қатынас қызықтырмайды".

Адам тым жақындап кетсе, қолыңызды көтеріп: "Маған сізбен осы қашықтықта сөйлескен ыңғайлы" десеңіз болады. Ал одан қоймаса, батыл түрде "Жоқ" немесе "Тоқта" деу керек. Осыдан кейін не айтылса да жағдай ұрысқа айналмас үшін әңгімені қысқа қайырып өз істеріңізге оралған абзал.

Тура осы жағдайда жұмсақ та жеткізуге болады 

Заңгердің айтуынша, кей адам "жоқ" деу арқылы әріптесін ашуландырып аламын деп қорқады. Мұндайда әңгіме барысында жігітің немесе күйеуің туралы айтып қалуға болады. Жігітің не күйеуің болмаса да айта беру керек. 

Кей жағдайда, айтылған сөздерді естімегендей отыра беруге болады. Өзінің әрекеті сәтсіз болғанын түсініп, бірнеше "жоқтан" кейін адам тоқтайды.

"Үндемей, жай ғана күлмей немесе арырақ отырып сізге ыңғайсыз екенін көрсете аласыз", - дейді ол. 

Аяжан Ойраттың айтуынша, кей адам бұған дейін айтылған сөздерді "естімеген" кейіп танытуы мүмкін. Ал кейбіреуі әрекеті сәтсіз болғанын түсініп, бірнеше "жоқтан" кейін тоқтайды. 

"Сексистік және пасық сөздер айтылса, әзілдің көмегімен де сытылып шығуға болады. Алайда ол шекара бұзылғанын я сізге бұл әрекет не сөз ұнамағанын көрсетпеуі мүмкін.

Тағы бір жағдай, әріптес иығыңызға не аяғыңызға қолын қойып жатса, өзіңізді қауіпсіз сезініп тұрсаңыз, тосылып қалмай, оны жай ғана алып тастап әңгімені жалғастыра беру керек", - деді маман.

Оның сөзінше, бұл ұсыныстарды қауіпсіз және ыңғайсыз жағдайдан тез шығып кетуге қолдануға болады, бірақ ол сіздің ыңғайсызданғаныңызды көрсетпейді. Заңгер жағдай қауіпті болып көрінсе, оған назар салмауға болмайтынын айтты.

Жұмыста басшылық немесе әріптестен жыныстық боп­салау көрсеңіз не істеу керек?

Аяжан Ойрат мынадай кеңестер ұсынды:

  • Дәлел жинаңыз
  • Тағы кім осындай жағдайға тап болды? 
  • Өзіңіз сенетін басшылыққа болған оқиғаны баяндаңыз, кадрлар бөліміне хабарлаңыз, дұрысы жазбаша түрде. 
  • Жасаған жұмысыңызды жинап жүріңіз. Басшылық "Өнімді жұмыс істемедің" деген сылтаумен жұмыстан шығарып жіберсе, орындаған тапсырма сапасы түспегенін көрсетіп, жақсы жауап қатпағаны үшін шығарып жатқанын көрсету керек. 
  • Келіссөздерді де құжаттап отырған жөн.
  • Болмаса, сол адамға электрон хат жолдауға болады.

Жұмыста арттан біреу аңдығанда не істеу керек? 

Жұмыста біреу артыңыздан қалмай жүріп келе жатса, оған бұрылып, көзіне қарап, қолмен көрсетуге де болады, жарқын дауыспен "Қандай көмегім керек?" немесе "Артымнан жүруді қойыңыз!" не "Аңдығанды қойыңыз" деу керек. Бұл адамды тоқтатуы мүмкін. Бірақ бұл тек жұмыс орнына ғана қатысты.

Таксиде тиіссе: 

Сізге жүргізуші қырыңдаса үндемесе де болады, одан кейін де тоқтамаса оқиғаны видеоға түсіріп, полицияға хабарласыңыз. Кей жағдайда, көліктің есігін ашып шығып кету керек. Кей жағдайда таксидің басшылығына шағым жазып жіберу де жеткілікті. Жағдайға баға беріп әрекет ету қажет.

Қоғамдық орындардағы жыныстық бопсалау:

Қауіпсіз орындарда, жарық және видеокамера бар жерлерде жүріңіз. Біреу сізге ысқырып сөз сөйлесе жауап қайтармай ол жерден тезірек кетуге тырысыңыз.

Артыңыздан қоймай жүрсе айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз, полицияға хабарласыңыз, туыс-достарыңызға хабарласыңыз, олар сіздің алдыңыздан шығатындай кейіп таныту керек. Әсіресе мас адамадармен дауласпаңыз, бұл өте қауіпті.

Жыныстық бопсалауға ұшыраған жағдайда полицияға хабарлаумен қатар, заңгер мен психолог көмегіне жүгініңіз.

Қайда хабарласу керек?

Біреу-міреу сізге жыныстық бопсалау жасаса, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 

  • 111 - балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды.
  • 150 - Дағдарыс орталығы (Алматы).
  • 1409 - "Қорғау - Астана"  дағдарыс орталығы (Нұр-Сұлтан)
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.09   532.1   5.08 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети