ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 марта 2020 | 12:15

Карантин жарияланған Моңғолияда коронавируспен күрес жұмыстары қалай жүріп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазір Моңғолиядағы қазақтар шоғырланған Баян Өлгей қаласы карантинге жабылған. Бұған Қазақстанда коронавирус тарауы себеп болған екен. Моңғолиядағы қоғамдық денсаулық сақтау маманы Рысбек Масғұтұлы Tengrinews.kz тілшісіне Баян Өлгейде не болып жатқанын баяндады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір Моңғолиядағы қазақтар шоғырланған Баян Өлгей қаласы карантинге жабылған. Бұған Қазақстанда коронавирус тарауы себеп болған екен. Моңғолиядағы қоғамдық денсаулық сақтау маманы Рысбек Масғұтұлы Tengrinews.kz тілшісіне Баян Өлгейде не болып жатқанын баяндады. 

Рысбектің айтуынша, қазір Баян Өлгей қаласында 110 мың адам тұрады. Оның 93 пайызы қазақтар екен, қалғаны моңғол ұлты. Сондықтан, Қазақстанда коронавирус тараған кезде Моңғолия билігі қазақтар шоғырланған Баян Өлгей қаласын жауып тастаған.

"Қазақстанда коронавирус анықталғаннан кейін Баян Өлгей қаласында Қазақстаннан эпидемия тарау мүмкіндігі өте жоғары деп есептеп, бізді карантинге жауып тастады. Бізге Моңғолияның 200-ге жуық азаматы Қазақстаннан келген. Олардың бәрі оқшауланды. Бәрінен коронавирусқа сынама алған, бірақ эпидемия табылған жоқ. Кейін олардан екінші рет тест алынып, Моңғолия астанасына жіберілді. Соның нәтижесі келгенше Баян Өлгейде төтенше жағдай жариялап, қозғалыстарды тоқтатып, кіріп-шығуға тыйым салып, карантинге жапты", -  дейді Масғұтұлы. 

Оның айтуынша, қазір Баян Өлгейден басқа қалаларда карантин жарияланбаған. 

"Моңғолияның басқа қалаларында төтенше жағдай жоқ, бәрі қалыпты өмір сүріп жатыр. Моңғол мемлекеті Түркия, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония секілді елдерге ұшақ жіберіп, азаматтарын екі-үш рет әкелген. Сол азаматтардың ішінен бірнеще адамнан коронавирус анықталды. Олар қазір Моңғолиядағы жұқпалы ауруларды зерттеу орталығында карантинде жатыр", - дейді моңғолиялық қазақ. 

Ол қазір Моңғолия шекарасының жабылғанын айтады. Билік шетелдің азаматтарын кіргізбеу туралы қаулы шығарған. 

Рысбек Масғұтұлының айтуынша, қазір Баян Өлгейдегі аурухананың жағдайы нашар. 

"Баян Өлгейді екі-үш айға жететін тамақ қоры бар деп жатыр. Бірақ та қаладағы аурухана басшылары қандай да бір ауру шыққан жағдайда дәрі-дәрмек жетпей қалуы мүмкін екенін айтады. Аурухананың жағдайы нашар. Осындай қиын жағдайда, моңғолиялық қазақтар жергілікті үкіметпен қатар, Қазақстан билігінен де көмек сұрайды", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау маманы. 

Ол қаладағы мекемелер жабылып жатқанын айтады.  

"Біраз дүкен ашық. Бірақ қаладағы базар жабық. Мектеп, балабақша мен жоғары оқу орындарының тоқтатылғанына екі айдан асты. Биыл елде Наурыз тойланбайды", - дейді ол. 

Ол қазір тұрғындар арасында дүрбелең бар екенін айтады. Бәрі биліктің жаңа қаулысын күтіп отыр екен. Тұрғындардың көбі қазір жұмыссыз отыр. Әзірше мемлекет ешқандай жәрдемақы қарастырмаған, дейді моңғолиялық қазақ.

"Карантинге жатқандар ішінде қазақ та бар" - Моңғолия қоғамдық денсаулық сақтау маманы

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer