ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
31 марта 2020 | 12:06

Қайтыс болған адам бір ай ауырса да медициналық көмекке жүгінбеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған адам бір ай ауырса да медициналық көмекке жүгінбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған адам бір ай ауырса да медициналық көмекке жүгінбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

"Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деді Қисықова.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасы оны ауруханаға жеткізген. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында елімізде коронавирустан 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейнірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті. 21 адам айықты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети