Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 марта 2020 12:35

Көлгінов стационарда жатқан науқастардың жағдайын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус індеті анықталған науқастар жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус індеті анықталған науқастар жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы тікелей эфирде Нұр-Сұлтанға халықаралық 28 рейспен 2 500 жолаушы келгенін атап өтті.

"Вирус бізге сырттан келді. Халықаралық рейстердің көбі Нұр-Сұлтанға ұшып келетіндіктен, біздің қала бірінші болып науқастарды қабылдай бастады. Сондықтан біз 22 наурыздан бастап әуежайды бақылауда ұстап отырмыз. Осы күнге дейін халықаралық 28 рейспен 2 500 жолаушы келді. Солардың бесеуінде коронавирус анықталды. Яғни, бес адамды қалаға жібермедік. Оларды емдеп жатыр", - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, қазір Нұр-Сұлтан коронавируспен күрестің үшінші сатысында - қала тұрғындарын оқшаулау кезеңінде тұр.

"Өздеріңіз білетіндей, практикаға қарасақ, инфекция жұқтырған бір адам қоғамға араласса, 10 күннен кейін 3,5 мың адамға жұғуы мүмкін. Кеше мемлекеттік комиссия 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан халықаралық рейстерді қабылдамайды деген шешім шығарды. Қазір біз ІІІ сатыда тұрмыз - қала ішінде оқшаулау. Бірінші, сыртқы шекара. Екінші, науқастар басқа аймақтарға шықпауы үшін блокбекеттер. Үшінші саты, байланыс арқылы жұқтырған адамдармен айналысып жатырмыз. Міне, қазір осы сатыдамыз, - деді ол.

Осыдан кейін қала басшысы қазір стационарда ем қабылдап жатқан науқастар мен шет мемлекеттен келіп, қонақүйде карантинде жатқан қазақстандықтар туралы айтып берді.

"Ақпарат үшін айтайын, бүгінде коронавирус расталған 175 адам стационарда жатыр. Бұдан бөлек 8 қонақүйде карантинде жатыр. Теріс нәтижеден кейін олар үй карантиніне жіберіледі. Осындай қатаң шаралар. Қонақүйлер ұшып келген жолаушылар үшін. Кімде коронавирус анықталса, бірден стационарға жатқызамыз. Қазір бізде үш стационар бар. Бірінші стационар кімде коронавирус анықталды, солар жатқызылады. Бөлек орналастырылады. Қалған екі стационарда эпидемиологиялық қаупі бар елдерден келген жолаушылар жатқызылады, - деді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін Алтай Көлгінов қаладағы азық-түлік бағасын өзі тексергенін айтқан болатын.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан бастап аталған екі қалада карантин режимі енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті. 21 адам айықты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети