ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 ноября 2020 | 16:49

Қазақстанда бір аптада қай өңірлерде карантин күшейтілді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі елімізде бір апта ішінде карантин шаралары күшейтілген өңірлерді жинап шықты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі елімізде бір апта ішінде карантин шаралары күшейтілген өңірлерді жинап шықты.

Петропавл

Бүгін, 6 қарашада Петропавлдың карантинге жабылатыны хабарланды. Карантин шаралары 2020 жылдың 9 қарашасы сағат 00:00-ден бастап күшейтілетіні айтылады.

Жаңа қаулыда көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің сапарларын шектеуге;

тұратын жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым
салу;

қоғамдық орындарда 3 адамнан (отбасы мүшелерін қоспағанда) кемінде 2 метр қашықтағы топтардың болуы;

жерлеу рәсімдері кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуына
жол бермеу;

респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде
(құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жедел
медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық
ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес берілетіні айтылады.


Петропавл. © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында 4 қарашада үш санитарлық бекет қойылды. Ал кейінгі тәулікте бұл облыста 20 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін санитарлық бекеттер жұмыс істеп жатыр. Осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарланып отыр екен.

Соңғы мәліметтер бойынша, облыста науқастар саны артуына байланысты мына бағыттар бойынша санитарлық бекеттер жұмыс істеп тұр:

1. Қызылорда - Павлодар а/ж (Молодежный к. маңында).

2. Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау-Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында);

3. Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының 271-шақырымы Семей қаласы бағытында (Кентөбе кенті маңында).

Ақмола облысы

Ертең, 7 қарашада Ақмола облысында алты санитарлық бекет қойылады. Бірақ дереккөз санитарлық бекеттер сенбіден бастап жұмыс істегенімен көлік қозғалысы жабылмайтынын ескерткен еді.

Сонымен қатар, облыста қазан айында қатаңдатылған карантин шаралары әлі сол күйде сақталғаны айтылады.

Қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу қойылды. Түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды. Ал таксиге екі адамнан артық отыруға болмайды. Саябақтарда үш адамнан артық бірге жүруіне тыйым. 

Аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады.

Жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00-ге дейін шектеледі. Олар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Ал азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді.

5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Павлодар облысы

4 қарашада премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шараларды қатаңдатуды тапсырған болатын.

Ал бүгін Павлодардың карантинге жабылғаны белгілі болды. Бұл жолы Павлодарға кіріп-шығу толығымен шектелді.

"Бақылау-өткізу пунктері арқылы қозғалу үшін pvlinfo.kz сайтына тіркелу қажет (9-13 қараша аралығында - жұмыс берушінің мөрімен куәландырылған, еркін нысандағы анықтамасы болған жағдайда қозғалуға болады)", - делінген ресми құжатта.

Қаулыда жүріп-тұруға рұқсат берілген адамдардың тізімі де келтірілген: қалаға тұрақты тұратын адамдарға, төтенше жағдайлар және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтеріне кіруге рұқсат етіледі екен.

Еске салайық, қазан айында да бірнеше өңірде карантин күшейтілген болатын. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, СҚО, Атырау облысы бар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 114 826-ға жетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer