РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
11 июня 2020 | 12:16

Қазақстанда "Жала жабу" бабы әкімшілік кодекске ауыстырылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Сенаттың жалпы отырысында қылмыстық кодекстегі 130-бап ("Жала жабу") әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатыны айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенаттың жалпы отырысында қылмыстық кодекстегі 130-бап ("Жала жабу") әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатыны айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында мәжілістің бір топ депутатының бастамашылдығымен дайындалған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды. Заң жобасын депутат Асылбек Смағұлов таныстырды.

"Заң жобасында қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер бар. Олар ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырманы орындауға бағытталған. Бұл - жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту. Осыған орай депутаттар жала жабуды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыруға бастама жасады. Бұл халықаралық тәжірибеге, яғни экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ұсынысына сәйкес келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат қылмыстық кодекске енгізілетін тағы бір өзгеріске тоқталды.

"Әлеуметтік ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық кодекстің 174-бабына түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, "қоздыру" сөзі "тұтандыру" сөзімен алмастырылады. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізіледі", - деді Асылбек Смағұлов.

Аталған заң жобасын екінші оқылымда дауысқа қойылып, депутаттар құжатты қабылдады.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі баласын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналарға қатысты пікір білдіріп, адам ағзасы елден қандай жағдайда шығарылатынын түсіндірген еді.

Еске салайық, 2019 жылдың аяғында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "жала жабу" бабын қылмыстық кодекстен алып тастауды ұсынған болатын.

"Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") қылмысқа жатқызбай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыру туралы шешім шығардым", - деді Президент отырыста.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro