КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
12 марта 2020 | 14:33

Қазақстанда коронавирусты тексеретін 60 мың тест шетелден алынып жатыр

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: reuters Фото: reuters

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирусты тексеру үшін қосымша 60 мың тест алынғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирусты тексеру үшін қосымша 60 мың тест алынғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда Ресей, Қытай, Германиядан әкелінген коронавирусты тексеретін тест бар.

"Бізде жалпы 15 мың тест болған. Оның 5 мыңын пайдаландық. Қазір 10 мың тест бар. Қазір басқа мемлекеттен қосымша 60 мың тест алып жатырмыз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Елжан Біртанов адамнан коронавирус инфекциясын бірден анықтау қиынға соғатынын жеткізді.

"Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастар тіркелген жоқ. Бірақ бірнеше мемлекеттен келген азамат қазір бақылауда. Азаматтың қанынан коронавирус бірінші күні табылмайды. Сондықтан біз және әлем елдері оларды 14 күн бақылауда ұстаймыз. Қажет болған жағдайда карантинге жатқызамыз", - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы коронавирус қаупіне байланысты карантинде жатқан азаматтар қырағы бақылауда екенін атап өтті. Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізге шетелден келген 3 863 адам бақылауда.

"Әрбір науқасты 2-3 тестіден тексереміз. Бұл тестіні басқа мемлекеттер пайдаланып жүр. Нақты көрсеткіштер бар. Оның қорытындысына сәйкес, коронавирустық инфекция бізде табылған жоқ", - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда коронавирустың таралу қаупі бар екенін айтып қалды.

"Біздің ойымызша, қауіп өте жоғары. Оны түсінеміз. Қазақстанға коронавирусты кіргізбеу үшін нақты шаралар қабылданды. Бізде уақыт пен толық дайындалуға мүмкіндік бар", - деп түйіндеді сөзін ол.

Осыған дейін коронавирустың алдын алу мақсатында үкіметтің қандай шараларды жүргізіп жатқанын, Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын, қандай мекемелерге баруға тыйым салынатынын, тойды кейінге қалдыру туралы кеңес берілгенін жазғанбыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer