Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 марта 2020 13:58

"Той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт деп айтқанмын" - Тоғжанов той өткізу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pexels.com Көрнекі сурет © pexels.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға тойлар мен туған күн кештерін кейінге қалдыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға тойлар мен туған күн кештерін кейінге қалдыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ералы Тоғжанов қазіргі ахуал той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт екенін айтты.

"Той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт деп айтқанмын. Қазір нағыз сондай кезең. Азаматтар түсінуі керек. Әр шаңырақтың тойы маңызды екені белгілі, оны әр азамат жақсы түсінеді. Бірақ көптеген азамат сыйлағаннан кейін, білгеннен кейін, жақын туыс болып араласқаннан кейін ол тойдың барлығына барғысы келеді. Шақыру алғаннан кейін міндетті түрде құттықтау сөздерін айтқысы келеді", - дейді Ералы Тоғжанов.

Тоғжанов қазіргі жағдай басқа жағдай екенін түсіндірді.

"Айналамызды жақсылап зерделеп қарау керек. Бұл мәселені түсінбей жатқандар, бір жағынан, біздің азаматтар әлі шетелге шығуын тоқтатпай отыр. Бұл - ең үлкен сұрақтың бірі. Егер сол жаққа кететін болса, олар міндетті түрде карантинге түсетінін біле отырып, сол жаққа кететіндер бар.

Ал тойға байланысты, ең алдымен, келетін азаматтар емес, сол тойды жасайтын азаматтар ойлануы керек. Неге десеңіз ол өзінің ғана емес, келетін азаматтардың өміріне болашақта қауіпті жағдай болуы мүмкін. Осы жағын ойластыратын болса, азаматтар біз қабылдап отырған шешімдерді түсінеді деп ойлаймыз", - дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Ералы Тоғжановтың сөзінше, Үкімет елдің үлкен тойларды тойлауына қарсы емес.

"Ол елдің басын біріктіретін үлкен шаралар ғой. Бірақ осындай жағдайды ескере отырып, халықаралық жағдайды, азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, біз осындай шешім қабылдап отырмыз. Сондықтан, тағы да Қазақстан азаматтарына осы тойларға байланысты ойлануларын сұраймыз", - деді Тоғжанов ОҚК брифингінде. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети