ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 декабря 2019 | 17:30

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған ірі әуе апаттары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 12 адам қаза тапқан. Бұл - биыл елімізде болған жалғыз әуе апаты емес. Соңғы жылдары елімізде болған ұшақ апаттарының хронологиясы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 12 адам қаза тапқан. Бұл - биыл елімізде болған жалғыз әуе апаты емес. Соңғы жылдары елімізде болған ұшақ апаттарының хронологиясы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

2009 жылғы тікұшақ апаты

2009 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының "Арлан" барлау-іздеу тобының Ми-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған.

Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған. Ми-8 тікұшағының апатынан 10 адам қаза болды, қалған үшеуі ауыр жараланған.

2012 жыл: Ан-72 апаты

2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының маңында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне тиесілі Ан-72 (Antonov An-72) ұшағы апатқа ұшырады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.55-те астанадан Шымкентке бағыт алған Ан-72 әуе кемесі Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Сайрам ауданындағы Тассай ауылының маңындағы карьерге құлаған.


Апат орны © Tengrinews.kz

Апат салдарынан 7 экипаж мүшесі мен 20 әскери қызметкер, оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы полковник Тұрғанбек Стамбеков болған және ұшақ бортында болған барлық 27 адам қаза тапты. Апат себебі - жабдықтың істен шығуы, экипаждың қателігі болған.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 2012 жылғы желтоқсанның 27 жұлдызында ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

2013 жылғы апат

2013 жылы 29 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Алматы әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей "Көкшетау-Алматы" бағытында "SCAT" әуекомпаниясың Bombardier CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Нәтижесінде бес экипаж мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты. Оның біреуі - бала. 


© Владимир Дмитриев

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 2013 жылғы 31 қаңтар - ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

2015 жылғы апат: Алты адам қаза тапқан

2015 жылы 20 қаңтарда Ан-2 ұшағы сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі.

Экипаж көру мүмкіндігінің нашар жағдайында ұшу биіктігін негізсіз төмендеткен. Экипаждың негізсіз шешімі жер бетімен соқтығысуға алып келді.

Апат салдарынан "Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қайтыс болды: техникалық даму департаментінің директоры Төлеубаев, "Балқаштүстімет" ӨБ бас механигі Ыбыраев, осы өндірістік бірлестіктің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Есмағанбетова, сондай-ақ экипаж мүшелері түгел опат болды: Ан-2 командирі Клюшев, Ан-2 екінші пилоты Савельев және борт-механик Литвинов. Қарағанды облысының әкімдігі апат құрбандарын жерлеуді ұйымдастыруды өз мойнына алды және марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсететін болады.

"Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова тірі қалды, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды. Ал 10 наурызда ол ауруханадан шыққан.

2016 жылы төрт апат болып, 7 адам қаза тапты

2016 жылы 23 қаңтарда Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ми-2 полицияның тікұшағы болып шықты. Апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты қайтыс болды. Ол ауруханада күйік шалғандардың бөлімінде қайтыс болды.

2016 жылы 27 қаңтарда астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын. Тікұшақ бортында болған бес адам қаза тапқан.


© Алматы ТЖД

28 қаңтарда сағат 08:20-да Қапал елдімекенінен 3 шақырым жерде тікұшақтың бөліктері табылған. Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза болғандардың жанұяларына миллион теңгеден берілді.

2016 жылы 26 маусымда Алматы облысындағы Береке ауылының маңында Ан-2 ұшағы апаттық жағдайда қонды. Ұшақ өрістерді өңдеумен айналысқан. Әуе кемесі "Тамшыбұлақ" ЖШС-на тиесілі болған. Бортта екі адам болған. Оның екеуі қаза тапты.

2017 жылы 6 апат болған

Осыдан екі жыл бұрын, яғни, 2017 жылы елімізде 6 әуе апаты болған екен. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Eastwing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы Алматыдан 28 шақырым жерде жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ұшақ Алматы - Шымкент бағытында санитарлық рейс жасаған.

Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адамның барлығы қаза тапқан.

13 әскеридің қазасы

 

Биыл 27 наурызда Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының маңында Ми-8 тікұшағы апаты салдарынан 13 әскери қаза тапқан. Төрт тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. Алайда кейін ІІМ 12 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Bek Air ұшағы апаты: Тікелей трансляция

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer