ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 июля 2021 | 11:36

Қазақстанда үнді штамынан адам өлімі тіркелді ме? Дәрігер жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда үнді штамынан адам өлімі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үнді штамынан адам өлімі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Жекенов атындағы ҚКЖАА-ның аға дәрігері Абзал Малбасқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты. 

"Осы уақытқа дейін бізге көбіне ұлыбританиялық штамды жұқтырған адамдар келді. Үнді штамын жұқтырған адамның нақты санын айту қиын, себебі оны жұқтырған адам саны күнделікті өсіп жатыр. Үнді штамынан қайтыс болған адам әлі тіркелмеді. Бәрі дер кезінде анықталып, ем жүргізіліп жатыр. 

"Қара зең" бізде тіркелген жоқ. Біздің тұжырым бойынша, ол Үндістандағы салт-дәстүріне және қоғамдық, экономикалық жағдайына байланысты болып отыр. Себебі коронавирусқа дейін де ол елде зең ауруы жиі кездесетін. Сондықтан коронавирустың салдарынан жағдай өршіп кеткен деген тұжырымдамыз", - деді дәрігер. 

"Екі есе тез жұғады". "Үнді" штамы туралы маңызды мәлімдемелер

Еске салайық, елімізде "үнді" штамы туралы алғаш мәлімет 21 маусымда шыққан болатын. Ол кезде елде штамм анықталған болуы мүмкін екені хабарланған. Кейіннен, екі күннен соң Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин "үнді" штамы анықталған алғашқы адам туралы айтты. Ол ешқайда жұмыс істемейтін, үйде бала тәрбиесімен отырған әйел болып шықты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети